Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз етеді, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшы орынбасарының тапсырмаларын орындайды.
Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкімдігі отырыстарын, басқарма басшысының бұйрықтарын және басшы орынбасарының хаттарын дайындау.
Бөлімнің жұмысын басқару, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатың іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысу, саладағы техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу, реттелетін салаларда ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы объектілерге мониторинг жүргізу.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде аварияларды тексеру жұмыстарын ұйымдастыру, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өзекті жағдайларда екі және оданда көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғырту, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісуін бақылау, қауіпті өндірістік объектіні, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыру, сондай-ақ қадағалаудағы мекемелер мен кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысу, қазандықтар, газ шаруашылығы және көтергіш құрылыстары, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы қауіпті өндірістік объектілерге байланысты жоба және рұқсат құжаттамаларын дайындауға қатысу, қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге ұсыныс беру; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өткізілетін қадағалау-профилактикалық қорытынды жиналыстарын өткізуге арналған құжаттамаларының дайындығын қамтамасыз ету. Жетекшілік ету кәсіпорындарындағы қауіпті өндірістік объектілерде зерделеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыру; елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;.