Картограмманың негізгі мақсаты – Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыттарды анықтау, оларды бағалау және тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларын белгілеу болып табылады.
Картограмма басқармада 2026 жылғы 1 маусымнан 10 шілдеге дейін жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері негізінде әзірленді.
Картограмманы әзірлеу кезінде ішкі талдау барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі ескерілді.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Картограмма анықталған тәуекелдердің алдын алуға, оларды төмендетуге және тұрақты бақылауда ұстауға бағытталған.
|
№ |
Тәуекел аймағы |
Негізгі тәуекел |
Негізгі салалар |
|
1 |
Басқарушылық шешімдер қабылдау |
Жеке мүдделілікке байланысты қызметтік өкілеттіктерді пайдалану |
Басшы, бөлім басшысы |
|
2 |
Мемлекеттік сатып алу |
Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, мердігерлермен жұмыс, шарттардың орындалуын бақылау |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
|
3 |
Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру |
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іріктеу, қаржыландыру, игеру |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
|
4 |
Мүдделер қақтығысы |
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу |
Басқарманың барлық мамандары |
|
5 |
Әкімшілік рәсімдер және азаматтарды қабылдау |
Өтініштерді қарау, жеке қабылдау және рәсімдік талаптарды сақтау |
Басқарманың барлық мамандары |
|
6 |
Ақпараттық жүйелерді пайдалану |
Ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақытылы немесе дұрыс енгізбеу, ақпаратқа заңсыз қол жеткізу |
Ақпараттық жүйелер |
|
7 |
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет |
Қызметтік шешімдер қабылдау кезінде өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалану |
Басқарма басшылығы және құрылымдық бөлімдер |
|
8 |
Әкімшілік рәсімдер және азаматтардың өтініштері |
Азаматтардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жүргізу және жауаптарды дайындау кезінде рәсімдік талаптарды сақтамау қаупі |
Әкімшілік қызмет |
|
9 |
Құжат айналымы және цифрлық жүйелер |
Құжаттарды тіркеу, сақтау, ақпараттық жүйелерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде белгіленген тәртіптің бұзылу қаупі |
Ішкі әкімшілік рәсімдер |
|
Лауазым |
Тәуекелді өкілеттіктер |
|
Басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары |
Басқарушылық шешімдер қабылдау және ұйымдастыру –шаруашылық функцияларды орындау
|
|
Басқарманың бөлім басшылары |
Шешім қабылдау және ұйымдастыру-шаруашылық функцияларды орындау |
|
Бас маман – бас бухгалтер |
Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, жұмыстарды қабылдау, еңбекақы және ТМҚ есебі, бюджет қаражатын игеру |
- Бюджет қаражатын жоспарлау, бөлу және игеру кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және шарттардың орындалуын бақылауды күшейту.
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша тұрақты түсіндіру және ішкі бақылау жүргізу.
- Кадрлық шешімдердің заңдылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау.
- Құжат айналымын, номенклатуралық істерді жүргізуді, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді өңдеу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін біріздендіру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу.
2026 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері негізінде Басқарма қызметіндегі негізгі тәуекел аймақтары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, мүдделер қақтығысын реттеу, кадрлық рәсімдер, құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану процестері ретінде айқындалды.
Картограммада көрсетілген тәуекелдер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалғанын білдірмейді. Олар жекелеген функциялар мен лауазымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын көрсетеді.
Осыған байланысты негізгі міндеттер – анықталған тәуекелдердің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қызметтік шешімдер мен рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысына жол бермеу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Анықталған тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, олардың тиімділігі бақылауда ұсталады.
Жамбыл облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Абдралиева Сандуғаш Ермаханқызы 2026 жылдың 03 және 17 қыркүйек күндері сағат 15:00 - 19:00 аралығында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.
Жеке қабылдау Тараз қаласы, Абай даңғылы 125 мекен-жайында өтеді.
– Жамбыл облысы – спорт тарихы терең, талай саңлақтың бағын ашқан қасиетті мекен. Осы топырақтан қазақ спортының аңыз тұлғалары түлеп ұшып, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған көптеген чемпиондар шықты. Бұл – өңіріміз үшін зор мақтаныш. Ендігі міндет – даңқты дәстүрді жалғастырып, жас ұрпаққа спортпен айналысуға барынша мүмкіндік жасау. Жастар күнінде пайдалануға берілген спорт кешенінен де ел мерейін асқақтатар болашақ чемпиондар шығатынына сенемін, – деді Ербол Қарашөкеев.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысында өңір экономикасы 14,2 пайызға өсіп, барлық негізгі салаларда оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі – 18,5 пайызға, ауыл шаруашылығы – 3,3 пайызға, құрылыс – 13,4 пайызға, сауда – 3,2 пайызға, көлік қызметі – 11,8 пайызға, байланыс саласы 4 пайызға артты. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,6 пайызға ұлғайды.
Өнеркәсіп саласында жалпы 718,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 478,5 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы республикадағы көшбасшы бес өңірдің қатарына енді. Өсім негізінен тамақ, химия және құрылыс индустриясы салаларындағы өндірістің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылығы саласында 122 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайыздық өсімге қол жеткізілді. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында өндіріс көлемі артты. Ет, сүт және жұмыртқа өндіру көрсеткіштері өсіп, ірі қара, қой, жылқы және құс саны да көбейді.
Есепті кезеңде негізгі капиталға 505,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орынға шықты. Оның 479,8 млрд теңгесі немесе 94,9 пайызы жеке инвестициялар есебінен қалыптасты.
Құрылыс саласында 165,4 млрд теңгенің жұмыстары орындалып, 326 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл тұрғын үй құрылысына бюджеттен 19,9 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 2 941 пәтерлі 66 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1 685 пәтерлі 35 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 350 пәтер сатып алынады.
Сауда айналымы 522,9 млрд теңгені құрап, 3,2 пайызға өсті. Көлік қызметінің көлемі 164,1 млрд теңгеге жетіп, 11,8 пайыздық өсім тіркелді. Ақпарат және байланыс саласында көрсетілген қызмет көлемі 6,5 млрд теңгені құрап, 4 пайызға артты.
Сонымен қатар Сандуғаш Абдралиева аудандар бөлінісінде бірқатар бағыт бойынша өсім қарқыны төмен екенін атап өтті. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштері Меркі, Сарысу және Қордай аудандарында, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі Қордай ауданында, инвестиция және жеке инвестиция көлемі Байзақ пен Талас аудандарында, ал құрылыс жұмыстары Меркі, Қордай және Байзақ аудандарында төмен деңгейде қалыптасқан.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев аудан әкімдерінің жұмысын сынға алып, нақты тапсырмалар жүктеді.
– Жалпы облыс бойынша экономикалық өсім бар. Бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша республика көлемінде жоғары нәтижеге қол жеткіздік. Алайда біздің жұмысымыз облыстың орташа көрсеткішімен емес, әр ауданның нақты нәтижесімен бағаланады. Сондықтан көрсеткіштері төмен аудандар жұмысты күшейтіп, нақты нәтижеге қол жеткізуі тиіс, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімі Меркі, Сарысу және Қордай аудандарында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, Байзақ пен Талас аудандарында инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруға, Меркі, Қордай және Байзақ аудандарында құрылыс қарқынын арттыруға басымдық беруді тапсырды.
Сондай-ақ ол өзіндік кірістерді ұлғайту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік міндеттемелері бар жобаларды уақытылы аяқтау және әр тапсырманың нақты орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.
– Экономикалық өсімнің нақты нәтижесі халықтың тұрмысынан көрінуі керек. Инвестиция – жаңа жұмыс орындарына, құрылыс – пайдалануға берілген нысандарға, ауыл шаруашылығының өсімі – ауыл тұрғындарының табысына айналуы тиіс. Әрбір тапсырманың нақты орындаушысы, мерзімі және нәтижесі болуы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.
Кеңейтілген әкімдік мәжілісінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы талқыланды. Зерделеу нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталғаны айтылды.
Өңір басшысы «Таза Қазақстан» тек сенбілік өткізумен шектелетін науқан емес, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, абаттандыруға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс екеніне назар аударды.
Осыған байланысты аудан әкімдеріне акцияның мазмұнын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру, ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау, сондай-ақ азаматтардың өз тұрғылықты жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша өткен жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Төрағалық еткен: Абдралиева Сандугаш Ермахановна – «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) басшысы.
Қатысқандар: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы, басқарманың бөлім басшылары және бас мамандары (тізімі қоса тіркелген).
Күн тәртібі:
Төрайым С.Абдралиева басқарма жиналысын ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша төрайым басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының хатшысы, басқарманың бас маманы-заңгері Нуржан Сайлауханович Ашановқа сөз берді.
Н.Ашанов басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде жүргізілгендігін баяндады.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппарат басшысы Л.Ілебаевпен 2026 жылғы «17» сәуірінде бекітілген 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілгендігін жеткізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының хатшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялап, талқылауға салды. Осы мәселеге қатысты қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
С.Абдралиева күн тәртібіндегі мәселелерді қорытындылай келе төмендегідей шешім етті:
- басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің қорытындысы нәтижесінде нақты анықталған себептер анықталған жағдайда оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдасын; Орындау мерзімі: Тұрақты.
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін; Орындау мерзімі: 10.07.2026ж.
- басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің материалдарын басқарманың интернет-ресурсында орналастырсын Орындау мерзімі: 10.07.2026ж.
Кеңес жиналысының төрайымы, облыс
әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы С.Абдралиева
Хаттамалаған.: Н. Ашанов,
телефоны.: 43-44-60.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілері арасында өткізілген құқықтық оқу семинарының
ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы 10 шілде 2026 жыл
Төрағалық етуші: Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандугаш Ермахановна Абдралиева.
Қатысқандар: Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері (тізімі қоса тіркелген).
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
С.Абдралиева құқықтық оқу-семинарды ашып, жүргізіп отырды. Төрайым, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің қорытындысы нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әрбір ісшараға тоқталып түсіндірме берді және қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берді.
Төрайым күн тәртібіндегі мәселені қортындылай келе басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне төмендегілерді тапсырды:
Төрайым,
Басқарма басшысы С.Абдралиева
Хатшы,
Басқарманың бас маман-заңгері Н.Ашанов
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша
ақпараты
«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Бұдан ары – Басқарма) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада №14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы Л.Ілебаевпен 2026 жылғы «17» сәуірінде бекітілген 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін басшылыққа алды.
Басқарма басшысының 2026 жылғы «30» сәуірдегі «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №_15-б_ бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жүргізді.
Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі қамтылды.
2026 жылдың 21 мамырында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарландыру басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Сонымен қатар, басқарманың әлеуметтік желілерінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 10 шілдесінде өтетіндігі туралы да хабарланды.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген тұжырым жасалынды.
2026 жылдың 10 шілдесі күні жария талқылаудың нәтижесімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы топ құрамымен қорытынды жиын өткізіліп, талдамалық анықтамаға қол қойылды және бекітіледі.
Осыған сәйкес, 2026 жылдың 10 шілдесі күні талдамалық анықтамасына жария талқылау өткізілген деп есептеліп, басқарманың интернет ресурстарында жарияланды.
ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі
талдау нәтижелері туралы
(атауын көрсету)
Тараз қаласы «10» шілде 2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Бұдан ары – Басқарма) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар, басқарма 2026 жылдың 17 сәуіріндегі облыс әкімі аппаратының басшысы Л.Ілебаевпен 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін басшылыққа алды. Аталған кестеге сәйкес басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың «01» маусымы мен «20» шілдесі аралығында жүргізілді. Ішкі талдаумен 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі қамтылды.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды басқарма басшысының 2026 жылғы «30» сәуірдегі «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №_15-б_ бұйрығымен (көшірмесі қоса тіркелген) бекітілген жұмыс тобы жүргізді.
Атап айтқанда, басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы төмендегіше құрылған;
|
Мыхаев Нурбек Сейдуалиевич |
- |
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Жамалбеков Рәпілбек |
- |
Зейнеткер, экономика және бюджеттік жоспарлау саласының ардагері, комиссия мүшесі;
|
|
Ордабаев Ерик Серикович |
- |
Басқарманың мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
|
|
Сагынбекова Аида Конысбаевна |
|
Басқарманың жинақтау-талдау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі; |
|
|
|
|
|
Боботаева Лайла Торехановна |
- |
Басқарманың бас маман-бухгалтері, комиссия мүшесі; |
|
Ашанов Нуржан Сайлауханович |
- |
Басқарманың бас маман-заңгері, комиссия хатшысы;
|
____________________________________________________________________________________________________________________(сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген құрылымдық бөлімше/жұмыс тобы/ тартылған мамандар мен сарапшылардың лауазым атауы, аты-жөні)
Сипаттама бөлігі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобымен басқарманың өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бюджет, еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңдарына, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысына, сонымен қатар, мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және басқарма басшысының бұйрықтарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы «_28_»_шілдедегі_ № _223_ қаулысымен (Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 209 қаулысымен өзгеріс енгізілген) бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес негізгі 3 (үш) міндеті бойынша және 23 (жиырма үш) функциясына талдау жасалынды.
Ережеге сәйкес басқарманың Миссиясы: бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері бойынша өкілеттілікті атқару.
Ал, міндеттері:
1) Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониториг жүргізу және бағалау;
2) жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;
3) өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ережені өзектендіру ұсынылады.
Басқарманың құрылымы 1 (бір) басқарма басшысы, 2 (екі) басқарма басшысының орынбасарынан, 3 (үш) әкімшілік бас маманнан (Оның ішінде: бас маман-заңгер, бас маман-бухгалтер және бас маман-кеңсе қызметкері) және 6 (алты) салалық бөлімнен тұрады. Атап айтқанда;
2021 жылдың қарашасынан бастап, мемлекеттік қызметке қабылдаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанынан құрылған конкурстық комиссиясы мен персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (бөлімі) жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілікке қызметке кіру жұмыстары цифрландырылған, конкурс e-kyzmet ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты басқармада персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықтыймалдығының көрінісі төмен.
Талдау жүргізілген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазымдар қатарына жататын Басшы, басшының орынбасарлары, бөлім басшылары және бас мамандар тарапынан басқарушылық шешімдер қабылдау, лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға не өзге де жеке мүдделілікке байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде қызметтік өкілеттіктерін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.
Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды (көшірмесі қоса тіркелген) айқындалып, порталға орнатылды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.
Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Ол туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстарының тікелей бағынысында бола алмайды.
Есептік кезеңде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Басқарма құзыретінде «Дипломмен ауылға» жобасы аясында «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет түрі бар.
Алайда, басқарма аталмыш мемлекеттік қызмет түрі бойынша әкімшісі ретіндегі функцияны атқарады. Ал, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша негізгі жұмыстарды аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес мемлекеттік қызмет алушылармен басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында тікелей байланыс жоқ болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қауіпі төмен.
Басқарманың Ережесіне сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Басқарманың Ережесіне сәйкес бақылау функциялары жоқ.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасынының 2024 жылғы 01 шілдедегі Заңына сәйкес 2025, 2026 жылдарға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары бекітілген. Ол электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланды. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен бюджеттік бағдарламалар негізінде әзірленді және бекітілді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар басқарма бекіткен жылдық жоспарға сәйкес «Мемлекеттік сатып алу порталында» жүзеге асырылады.
Барлық шарттар заңнамада белгіленген мерзімде жасалады, шарттардың орындалуы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес қатаң бақыланады. Есептік кезеңде шарттық міндеттемелерді жеткізушілер тарапынан бұзушылықтар фактісі орын алған жоқ.
Басқарма қызметінде келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады:
«Documentolog 7», «e-otinish.gov.kz», «e-qyzmet» ақпараттық жүйелерін, «1С – мекеме», электронды «Банк-Клиент» бағдарламаларын, мемлекеттік сатып алудың WEB-порталын пайдаланады.
Сонымен қатар, «AI Qyzmet» бағдарламасы бойынша 2025 жылы басқарманың 28 (жиырма сегіз) мемлекеттік қызметшісі және 2026 жылы 3 (үш) мемлекеттік қызметшісі жасанды интеллект дағдылары бойынша оқытудан өтті.
Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Басқарма бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұсынымдарына мониторинг жүргізілді. Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардың ұсынымдарын қарау бойынша мерзімін бұзып орындалған 1 факт анықталды. ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаментінің 30.04.2026 жылғы № 2-20-26-01020 хаты негізінде басқарма басшысының 2026 жылғы 3 маусымдағы «Тәртіптік жаза қолдану туралы» №15-ж/қ бұйрығымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы Г.Сагиндиковқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Анықтау мәнінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты теріс ақпараттар анықталған жоқ.
Қосымшалар:
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген нәтиже беретіндігін мәлімдейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобы төмендегідей ұсыным жасайды:
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы
басшысының орынбасары, сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың
жұмыс тобының төрағасы: ________________ Н. Мыхаев
(ФИО, қолы)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобының мүшелері:
Зейнеткер, экономика және бюджеттік
жоспарлау саласының ардагері ________________ Р. Жамалбеков
(ФИО, қолы)
Басқарманың мемлекеттік аппарат,
қорғаныс және құқық қорғау органдарының
шығындарын жоспарлау бөлімінің басшысы_____________ Е. Ордабаев
(ФИО, қолы)
Басқарманың жинақтау-талдау
бөлімінің басшысы ________________ А. Сагынбекова
(ФИО, қолы)
Басқарманың бас маман-бухгалтері ________________ Л. Боботаева
(ФИО, қолы)
Басқарманың бас маман-заңгері,
комиссия хатшысы; ________________ Н. Ашанов
(ФИО, қолы)
Таныстым:
Жамбыл облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының
басшысы ______________________ С.Абдралиева
(мем.мекеме/ұйым басшысы, ФИО, қолы)
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
|
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
1 |
Басқарма басшысы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет), Бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылау |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
2 |
Басқарма басшысының орынбасары
|
Аудандар мен қалалардың кіріс көздері бөлінісінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін жыл сайын үш жылдық кезеңге болжау. |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
3 |
Басқарма басшысының орынбасары |
мемлекеттік инвестициялық жобалардың, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға болжанатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардын, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспары мен конкурстық құжаттамасының, оның ішінде концессиялық ұсыныстардың экономикалық қорытындысын дайындау және экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру. |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
4 |
Басқарманың бас маманы - бухгалтер |
Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жұмыстарды ұйымдастырады және орындайды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады |
Фактілер анықталған жоқ |
орташа |
Приложение 1
к Типовым правилам
проведения внутреннего
анализа коррупционных рисков
Внутренний анализ коррупционных рисков: КГУ "Управление экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области"
|
№ п/п |
Должность подверженная коррупционному риску |
Должностные полномочия, содержащие коррупционные риски |
Коррупционные риски |
Уровень коррупционных рисков |
|
1 |
Руководитель управления |
Принятие управленческий решений (финансово-экономическая и хозяйственная деятельность), контроль рационального и целевого исполнения бюджетных средств |
Факты не установлены |
Высокий |
|
2 |
Заместитель руководителя управления
|
Прогнозирование объема поступлений в местный бюджет в разрезе доходных источников районов и городов ежегодно на трехлетний период. |
Факты не установлены |
Высокий |
|
3 |
Заместитель руководителя управления
|
Организация проведения экономической экспертизы и подготовка экономического заключения государственных инвестиционных проектов, бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц, предполагаемых к финансированию за счет средств местного бюджета, бизнес плана и конкурсной документации проектов государственного частного партнерства, в том числе концессионных предложений. |
Факты не установлены |
Высокий |
|
4 |
Главный специалист- бухгалтер управления |
Организует и исполняет работы согласно требованиям установленным законодательными и нормативными документами по вопросам ведения бухгалтерского учета. Организует государственных закупок |
Факты не установлены |
Средний |