Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы ішкі өнім.

2024 жылдың қорытындысымен (алдын-ала мәлімет) облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 236,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,5% (2023 жыл – 2 926,0 млрд. теңге, НКИ -102,1%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 647,7 мың теңгені құрады (2023 жыл – 2 397,6 мың теңге).

Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,8% (ҚР-108,5%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 123,6%, ауыл шаруашылығы – 100,7%, құрылыс – 122,1%, сауда – 102,5%, көлік – 111,2%, байланыс – 107,7%).

Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
27 июня 2025