Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы ішкі өнім.

2024 жылдың қорытындысымен (алдын-ала мәлімет) облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 236,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,5% (2023 жыл – 2 926,0 млрд. теңге, НКИ -102,1%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 647,7 мың теңгені құрады (2023 жыл – 2 397,6 мың теңге).

Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 116,8% (ҚР-108,6%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 122,9%, ауыл шаруашылығы – 101,0%, құрылыс – 134,8%, сауда – 102,8%, көлік – 112,8%, байланыс – 108,5%).

Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
26 июня 2025