Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы ішкі өнім.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 226,0 млрд. теңгені құрады, НКИ – 103,9% (2023 жылғы тиісті кезеңде – 1 907,2  млрд. теңге, НКИ -102,6%).

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1820,5 мың теңгені құрады                               (2023 жылдың тиісті кезеңі – 1 563,2 мың теңге).

Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-ақпандағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,5% (ҚР-107,3%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде өнеркәсіп – 121,6%, ауыл шаруашылығы – 101,5%, құрылыс – 113,7%, көлік – 105,2%, сауда – 101,9%, байланыс – 104,2%).

Өнеркәсіп.

2025 жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі                      188,0 млрд.теңгені құрап, 2024 жылғы тиісті кезеңге 21,6%-ға  өсті.

Өсім кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 39,0%-ға                 (23,5 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 19,2%-ға (122,5 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 11,2%-ға (40,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 6,8%-ға (1,3 млрд. теңге) байқалады.

2025 жылы жалпы құны 33,7 млрд. теңгені құрайтын 5 индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 317 жаңа жұмыс орны құрылады («Есаров» ЖШС – форель өсіретін шаруашылықты ұйымдастыру және консерві цехын салу, құны – 141,5 млн.теңге, қуаттылығы – 67 тн/ жыл, 12 жаңа жұмыс орны (Қордай ауданы); «Адель» ШҚ – балық шаруашылығын ұйымдастыру және консерві цехын салу, құны –                          100 млн.теңге, қуаттылығы – 100 тн/жыл, 10 жаңа жұмыс орны (Байзак ауданы); «Максутова» ЖК – балық өндеу цехы, құны – 250 млн. теңге, қуаттылығы – 200 тн/жыл, 10 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы);  «Alit Holding» ЖШС – Жамбыл облысында шикізат дайындау учаскесі, шикізат және дайын өнім қоймалары бар сүрлем қоймалары бар құрғақ құрылыс қоспаларын (ҚҚҚ) өндіру бойынша цех салу, құны – 3666 млн. теңге, қуаттылығы – 149 мың тн/жыл, 85 жаңа жұмыс орны (Тараз қ.); «Shagala Mining» ЖШС – Мойынқұм аудандағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны – 29568 млн. теңге, қуаттылығы – 9072 тн/жыл, 200 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы)).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2025 жылы облыстық бюджеттен 22,8 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2025 жылдың 1 наурызына 14,3 млрд.теңге игерілді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі                        24,9 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 101,5%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 24,5 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 101,5%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,1 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы –                   24,4 млрд. теңге  (НКИ – 101,5%).

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 15,6 мың тоннаны (103,5%), сүт – 23,8 мың тоннаны (101,1%), жұмыртқа – 8,8 млн. дананы (60,8%) өндірілді. МІҚ саны 435,6 мың басты (102,6%), қой – 3 058,6 мың басты (107,1%), жылқы – 168,2 мың басты (102,7%), құс – 2 130,9 мың басты (105,3%) құрады.

Сауда.

2025 жылдың қаңтар-ақпанында облыстағы тауар айналымының көлемі  120,6 млрд. теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі                         75,2 млрд.теңгені құрап, 1,0%-ға өсті, көтерме сауда айналымы 45,1 млрд. теңгені құрады (өсім 3,5%-ға).

Сыртқы сауда айналымы.

2025 жылғы қаңтарда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,2 млн. АҚШ долларын немесе 136,4%-ды құрады, оның ішінде тауарлар экспорты – 25,7 млн. АҚШ доллар (4,4 есе), импорт – 6,5 млн. АҚШ доллар (36,5%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты (19,2 млн. АҚШ доллар).

2025 жылғы қаңтарында облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 49,6%-ға                   (18,7 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 88,6%-ға                                              (5,9 млн. АҚШ доллар), импорт – 36,7%-ға (12,9 млн. АҚШ доллар) өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2024 жылы ШОБ дамытуға 15,6 млрд. теңге бюджет қаражаты игерілді (РБ – 12,8 млрд. теңге, ЖБ – 2,8 млрд. теңге).

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1075,0 млрд. теңге (115,2%), жұмыспен қамтылғандар саны – 166,3 мың адамды (97,8%) құрады.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 117,5 мың бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 105,1 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі                    89,4%-ды құрайды.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 13,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 113,7%-ды құрады.

Өсім Тараз қаласында «Ұлы Дала» шағын ауданындағы орта мектеп құрылысы («Отау-Строй» ЖШС), Қордай ауданында иммунобиологиялық құралдар шығаратын бифармацевтикалық зауыт құрылысы («К-Строй ЛТД» ЖШС), 2 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  80,8 мың ш.м немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 103,9%-ды құрады.

57,8 мың м2 жеке тұрғын үй (343 бірлік үй), 100 пәтерге арналған                 23,0 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (4 үй) пайдалануға берілді.

 «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                                2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылы 13,5 млрд. теңгені (о.і. 11,8 млрд.тг.- құнды қағаз, 1,7 млрд.тг. -                              ОБ арендалық үй) құрайтын 2550 пәтерлі 52 тұрғын үй (226,2 мың ш.м.) құрылысын салу жоспарлануда.

Көлік.

2025 жылдың қаңтар-ақпанында көлік қызметтері 90,6 млрд.теңгені (105,2%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 7,4 млн. тонна (102,0%), жүк айналымы – 6,5 млрд.ткм (98,0%), жолаушыларды тасымалдау – 12,4 млн. адам (117,2%), жолаушылар айналымы – 301,8 млн. жкм (92,3%) құрады.

Жолдар.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1198,5 шқ, облыстық –1739,68 шқ, аудандық – 1401,76 шқ, елді мекендердің көшелері – 5662 шқ.

2025 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 23,4 млрд. теңге бөлінді (РБ-3,6 млрд. теңге, ЖБ-19,8 млрд. теңге). 2025 жылдың 1 наурызына 303,0 млн. теңге игерілді.

  2025 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.

Негізгі капиталға инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 62,0 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңіне 54,4%-ға өсті.

Өсім Тараз қаласында мырыш оксиді (пигменттер) өндіру есебінен («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС), «Шөлдала», «Ұлы Дала» және «Бәйтерек» шағын аудандарында мектептер салу, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу («Samruk-Kazyna Construction» АҚ), қонақ үйлерді, супермаркеттерді, дене шынықтыру сауықтыру кешендерін, медициналық орталықтарды, кеңселерді (жеке құрылыс салушылар) пайдалануға беру, Жамбыл ауданында Аса ауылындағы суару каналдарын, су бұру жүйелерін және құрылыстарын қайта жаңғырту («Казводхоз» ШЖҚ-дағы РМК), жол сервисі кешенін пайдалануға беру (жеке құрылыс салушылар), Т. Рысқұлов ауданында сауда үйлерін, супермаркеттерді, сауда және ойын-сауық орталығы (жеке құрылыс салушылар), Сарысу ауданында химия кешенін салу және құрал-жабдықтар сатып алу («Еврохим Қаратау» ЖШС), екі самосвал, екі жолаушылар автобусын сатып алу («Еврохим тыңайтқыш» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Инфляция.

Инфляция деңгейі 2025 жылғы ақпан айында 2024 жылғы желтоқсанға 102,3%-ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,9% - ға, азық-түлік емес тауарлардың  - 1,2% - ға, ақылы қызметтердің - 2,5% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 102,6%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2025 жылдың ақпан айында жаңа піскен көкөністер – 6,2%-ға (о.і. картоп – 10,1%-ға, қияр – 9,3%-ға, қызанақ – 9,1%-ға, ақ қырыққабат – 8,2%-ға, сәбіз – 3,3%-ға, қызылша – 3,2%-ға, пияз – 1,1%-ға), майлар және тоң майлар, ет – 1,3%-ға (о.і.  сиыр еті – 3,0%-ға, құс еті – 2,1%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жылқы еті – 0,2%-ға), сүт өнімдері – 0,5%-ға (о.і. сүзбе - 2,5%-ға, айран – 0,2%-ға), балық және теңіз өнімдері - 0,4%-ға, макарон өнімдері, тұз, кофе, шәй - 0,1%-ға бағалары өсті.

Өсімдік майы мен күнбағыс майы - 3,4%-ға, жарма - 2,8%-ға (о.і. қарақұмық жармасы - 5,6%-ға, тары - 1,6%-ға), ұн - 1,9%-ға, қант - 1,8%-ға, жұмыртқа - 1,7%-ға, күріш - 0,8%-ға, жаңа піскен жемістер - 0,1%-ға бағасы төмендеді.

Нан, шошқа еті, спагетти, қатты ірімшіктің бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарларға тұрмыстық техника бағасы – 2,0%-ға, басқа да заттарға, тұрмыстық техникаға және жеке тауарларға – 0,5%-ға, сыртқы киімдерге, фармацевтикалық өнімдерге – 0,4%-ға, бензинге – 0,3%-ға өсті.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың ақпан айында сумен жабдықтау бағасы 36,2%-ға, электр қуаты – 19,7%-ға, орталық жылыту                  (1 Гкал), ыстық су (1 текше метр) – 15,0%-ға, көлік қызметі – 0,1%-ға                      (оның ішінде теміржол жолаушылар көлігі – 1,6%-ға) өсті.

Сақтандыру бағасы 1,7%-ға төмендеді.

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке  41,9 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 120,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 6,7 млрд.теңге (53,7%), жергілікті               бюджетке – 35,1 млрд.теңге (158,9%).

Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда            13,6% - ға өсті.

2025 жылғы 1 наурызына облыс бюджетінің шығындары                             97,7 млрд.теңгеге немесе болжамға 98,6%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға 65,5 млрд.теңге қарастырылды (99,7%).

2025 жылғы 1 наурызына облыс бюджетінің шығыстары 97,9 млрд. теңгені құрады, тиісті кезеңімен салыстырғанда шығыстар сомасы              18,2 млрд.теңгеге немесе 22,8% - ға өсті.

Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 57,0%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 3,8%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына – 4,7% денсаулық сақтауға –1,6% келеді.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бұру.

2025 жылы қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін 100,0%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыстың 353 ауылдық елді мекенінен 331-і (93,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 8,3 млрд. теңгеге (оның ішінде РБ – 6,5 млрд. теңге, ЖБ – 1,8 млрд. теңге) 33 жобаны іске асыру қарастырылды.

Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету.

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылға      4,8 млрд. теңгеге (РБ – 3,7 млрд. теңге, ЖБ – 1,1 млрд. теңге) 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Экология.

2024 жылы Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 52,9 мың тоннаны құрады. Тараз қаласындағы атмосфералық ауаның ластануы «төмен» деңгейде көрінеді, мұнда көлік көп жүретін қиылыстарда күкірт қышқылының орташа тәуліктік деңгейінің жоғарылауы байқалады, бұл автомобиль көлігінің атмосфералық ауаның ластануына айтарлықтай әсерін көрсетеді (тоқсандық есеп).

Халық саны.

2025 жылдың 1 ақпанына Жамбыл облысы бойынша халық саны                    1 221,8 мың адамды құрады. Оның ішінде Тараз қаласында 436,4 мың адам, Байзақ ауданында 106,4 мың адам, Жамбыл ауданы – 88,1 мың адам, Жуалы ауданы – 54,0 мың адам, Қордай ауданы – 157,4 мың адам, Т.Рысқұлов ауданы – 66,6 мың адам, Меркі ауданы – 88,2 мың адам, Мойынқұм ауданы -                   27,8 мың адам, Сарысу ауданы – 43,5 мың адам, Талас ауданы - 48,0 мың адам, Шу ауданы - 105,4 мың адам.

Әлеуметтік қорғау.

2024 жылы (4 тоқсандағы) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны 27164 адамды құрады, (2023 жылдың көрсеткішінен 92 адамға төмен), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 181287 адам, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 522 адамға аз, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 33,4%-ды құрады. 2025 жылдың 1 наурызына жаңадан      13804  жұмыс орны құрылды.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі                      2024 жылдың  3 тоқсанында 5,6%-ды немесе 68369 адамды құрады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12254 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 2475 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 270, жастар практикасымен – 429, «Күміс жас» жобасы бойынша - 741, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 523, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 6580, онлайн оқыту курстарына – 1236 адам жолданды.

Білім.

Бүгінге, 618 мектепке дейінгі ұйымдармен (498 балабақша, 120 шағын орталықтар) 63,1 мың бала немесе 91,3% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2024 жылдың деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа төмен.

2025 жылы 22 білім беру  обьектілерін дамытуға 27,0 млрд.теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы қарастырылды (Қордай ауданында 2 мектеп (600 орындық),         Тараз қ. «Ұлы Дала», «Шөлдала» шағын аудандарында 2 мектеп                                  (2600 орындық)).

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 1 мектеп                       (100 орындық), Жамбыл ауданында 1 мектеп (100 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Шу ауданында 3 мектеп (340 орындық), Тараз қаласында дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернатының құрылысы және 11 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.

Облыстағы 449 мектеп Интернет желісіне және «Bilimclass» жүйесіне қосылған. 358 мектепте 1624 интерактивті панельдер орнатылған.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2025 жылы 21,6 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 2,0 млрд. теңгесі немесе 99,8%-ы игерілді.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге  5,0 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,3 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11,2 млрд. теңге (РБ - 3,6 млрд.теңге, ЖБ - 7,6 млрд.теңге) бөлініп, есепті мерзімге ЖБ-тен - 28,5 млн. теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 1266,7  млн. теңге                               (о.і. РБ – 913,7 млн. теңге, ЖБ  - 353,0 млн. теңге) қарастырылды.

Бөлінген қаражатқа 4 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 1, Қордай ауданында Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана құрылысы, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту, компьютерлік томографты орнату үшін Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).

2025 жылдың қаңтар-ақпанында туберкулез, қатерлі ісік, наркологиялық аурулармен және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар психикалық бұзылу, мерез және қант диабетімен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімінің 1 жағдайы Мойынқұм ауданында тіркелді. 

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 392 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 28 ауруханалық ұйымдары, 148 амбулаториялық емханалық ұйымдар, 4 диспансер, 58 фельдшерлік-акушерлік пункт,                    146 медициналық пункт және 8 басқа ұйымдар.

 

Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
20 марта 2025