Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жалпы ішкі өнім.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2 226,0 млрд. теңгені құрады, НКИ – 103,9% (2023 жылғы тиісті кезеңде – 1 907,2  млрд. теңге, НКИ -102,6%).

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1820,5 мың теңгені құрады                               (2023 жылдың тиісті кезеңі – 1 563,2 мың теңге).

Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтардағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 114,1% (ҚР-104,5%) деңгейінде қалыптасты. Өсім экономиканың базалық салаларында өндіріс көлемі арттыру есебінен қамтамасыз етілді (оның ішінде құрылыс – 133,1%,  өнеркәсіп – 121,8%, көлік – 112,7%, байланыс – 104,4%, ауыл шаруашылығы – 100,9%,  сауда – 100,7%,).

Өнеркәсіп.

2025 жылдың қаңтарында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 95,6 млрд.теңгені құрады, немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 21,8%-ға  өсті.

Өсім кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 39,4%-ға                 (12,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 20,1%-ға (62,9 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 8,7%-ға (19,7 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 1,2%-ға               (0,6 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасқаны байқалады.

2025 жылы жалпы құны 33,7 млрд. теңгені құрайтын 5 индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 317 жаңа жұмыс орны құрылады («Есаров» ЖШС – форель өсіретін шаруашылықты ұйымдастыру және консерві цехын салу, құны – 141,5 млн.теңге, қуаттылығы – 67 тн/ жыл, 12 жаңа жұмыс орны (Қордай ауданы); «Адель» ШҚ – балық шаруашылығын ұйымдастыру және консерві цехын салу, құны –                          100 млн.теңге, қуаттылығы – 100 тн/жыл, 10 жаңа жұмыс орны (Байзак ауданы); «Максутова» ЖК – балық өндеу цехы, құны – 250 млн. теңге, қуаттылығы – 200 тн/жыл, 10 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы);  «Alit Holding» ЖШС – Жамбыл облысында шикізат дайындау учаскесі, шикізат және дайын өнім қоймалары бар сүрлем қоймалары бар құрғақ құрылыс қоспаларын (ҚҚҚ) өндіру бойынша цех салу, құны – 3666 млн. теңге, қуаттылығы – 149 мың тн/жыл, 85 жаңа жұмыс орны (Тараз қ.); «Shagala Mining» ЖШС – Мойынқұм аудандағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны – 29568 млн. теңге, қуаттылығы – 9072 тн/жыл, 200 жаңа жұмыс орны (Мойынқұм ауданы)).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2025 жылы облыстық бюджеттен 22,8 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2025 жылдың 1 ақпанына 9,1 млрд.теңге игерілді.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі                        12,3 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 100,9%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12,1 млрд. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 100,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,05 млрд. теңге (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы –                   12,1 млрд. теңге  (НКИ – 100,9%).

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 7,9 мың тоннаны (104,6%), сүт – 11,9 мың тоннаны (101,2%), жұмыртқа – 4,6 млн. дананы (57,2%) өндірілді. ІҚМ саны 429,1 мың басты (101,7%), қой – 3 011,1 мың басты (107,6%), жылқы – 170,1 мың басты (103,2%), құс – 1 943,4 мың басты (96,7%) құрады.

Сауда.

2025 жылдың қаңтар айында облыстағы тауар айналымының көлемі  58,0 млрд. теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға өсті. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының көлемі                         37,3 млрд.теңгені құрап, 1,0%-ға өсті, көтерме сауда айналымы 20,6 млрд. теңгені құрады (өсім 0,1%-ға).

Сыртқы сауда айналымы.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                          2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 554,5 млн. АҚШ долларын немесе 124,3%-ды құрады, оның ішінде тауарлар экспорты – 239,8 млн. АҚШ доллар (2,9 есе), импорт – 314,7 млн. АҚШ доллар (86,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 74,9 млн. АҚШ доллар.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда               29,2%-ға (275,4 млн. АҚШ доллар), оның ішінде экспорт – 8,2%-ға (103,6 млн. АҚШ доллар), импорт – 37,7%-ға (171,9 млн. АҚШ доллар) төмендеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2024 жылы ШОБ дамытуға 15,6 млрд. теңге бюджет қаражаты игерілді (РБ – 12,8 млрд. теңге, ЖБ – 2,8 млрд. теңге).

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1075,0 млрд. теңге (115,2%), жұмыспен қамтылғандар саны – 166,3 мың адамды (97,8%) құрады.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінің тіркелген саны 117,5 мың бірлікті, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 104,5 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі                    88,9%-ды құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,8 млрд. теңгені құрап,                        2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,1%-ға артты.

Өсім Тараз қаласында «Ұлы Дала» шағын ауданындағы орта мектеп құрылысы есебінен («Отау-Строй» ЖШС), Қордай ауданында иммунобиологиялық құралдар шығаратын бифармацевтикалық зауыт құрылысы («К-Строй ЛТД» ЖШС), 2 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру, Талас ауданында көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру (жеке құрылыс салушылар), Жуалы ауданында тұрғын үй пайдалануға беру (жеке құрылыс салушылар) есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 41,4 мың ш.м құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға артты.

23,4 мың м2 жеке тұрғын үй (154 бірлік үй), 100 пәтерге арналған                 18,0 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (2 үй) пайдалануға берілді.

 «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                                2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылы 13,5 млрд. теңгені (о.і. 11,8 млрд.тг.- құнды қағаз, 1,7 млрд.тг. - ОБ арендалық үй) құрайтын 2550 пәтерлі 52 тұрғын үй (226,2 мың ш.м.) құрылысын салу жоспарлануда.

Көлік.

2025 жылдың қаңтарында көлік қызметтері 49,1 млрд.теңгені (107,1%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 4,1 млн. тонна (112,7%), жүк айналымы – 3,6 млрд.ткм (107,2%), жолаушыларды тасымалдау – 6,0 млн. адам (119,4%), жолаушылар айналымы – 157,1 млн. жкм (94,3%) құрады.

Жолдар.

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шқ құрайды, оның ішінде республикалық мәндегі – 1198,5 шқ, облыстық –1739,68 шқ, аудандық – 1401,76 шқ, елді мекендердің көшелері – 5662 шқ.

2025 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге 22,4 млрд. теңге бөлінді (РБ-3,6 млрд. теңге, ЖБ-18,8 млрд. теңге). 2025 жылдың 1 ақпанына 25,4 млн. теңге игерілді.

 2025 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.

Негізгі капиталға инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 36,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 153,5%-ды құрады.

Өсім Тараз қаласында мырыш оксиді (пигменттер) өндіру есебінен («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС), «Шөлдала», «Ұлы Дала» және «Бәйтерек» шағын аудандарында мектептер салу, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу («Samruk-Kazyna Construction» АҚ), Жамбыл ауданында жол сервисі кешенін пайдалануға беру (жеке құрылыс салушылар), Қордай ауданында дәмханаларды, шағын маркеттерді, қой бағуға арналған үй-жайларды пайдалануға беру (жеке құрылыс салушылар) есебінен қамтамасыз етілді.

Инфляция.

Инфляция деңгейі 2025 жылғы қаңтар айында 2024 жылғы желтоқсанға 101,3% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,1% - ға, азық-түлік емес тауарларға  - 0,5% - ға, ақылы қызметтерге - 0,6% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасты (ҚР - 101,1%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2025 жылғы қаңтарда бағалар майлар және майлар - 3,5%-ға (о.і. тұздалмаған сары май - 4,1%-ға, өсімдік майы - 3,7%-ға), жұмыртқа - 0,5%-ға, жаңа піскен жемістер - 4,8%-ға (о.і. алма - 0,3%-ға), жаңа піскен көкөністердің бағасы - 4,1% - ға (о. і. картоп - 15,0% - ға, ақ қырыққабат - 10,7%-ға, қызанақ - 4,3%-ға, пияз - 3,9%-ға қияр - 1,1%-ға,), балық және теңіз өнімдері - 2,4%-ға, шай - 1,9%-ға, ет - 0,9%-ға (о.і. құс еті -3,2%-ға,  сиыр еті - 1,0%-ға, жылқы еті - 0,1% - ға), сүт өнімдері - 0,7% - ға (о.і. айран - 0,9%-ға), нан - 0,4%-ға (о. і. жоғарғы сұрыпты ұннан бидай нан - 4,0%-ға) өсті.

Бағаның төмендеуі күрішке - 1,7%-ға, жармаларға - 0,6%-ға, тұзға 0,5%-ға, қантқа - 0,3%-ға байқалды.

Азық - түлік емес тауарларға тұрмыстық техниканың бағасы - 2,9%- ға, кітаптар мен кеңсе тауарларына - 1,6%-ға, жуғыш тазалағыш заттар - 0,7%-ға, сыртқы киімдер - 0,4%-ға, бензин - 0,1%-ға өсті.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерінің, 1 Гкал бағасы - 13,4%-ға, сақтандыру - 3,7%-ға, тұрғын үйді жалға алу - 2,2%-ға, көлік қызметтеріне - 0,1%-ға (о.і.теміржол жолаушылар көлігі - 0,7%-ға), театр қызметтеріне - 22,5%-ға өсті.

Салықтар мен бюджет. Мемлекеттік бюджетке  15,6 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 142,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 3,5 млрд.теңге (77,3%), жергілікті бюджетке – 12,1 млрд.теңге (188,5%).

Өзіндік кірістер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4% - ға өсті.

2025 қаңтардағы облыс бюджетінің шығындары 42,5 млрд.теңгеге немесе болжамға 97,2%-ға орындалды, оның ішінде әлеуметтік салаға  28,6 млрд.теңге қарастырылды (67,2%).

2025 жылы қаңтар айында облыс бюджетінің шығыстары 42,5 млрд. теңгені құрады, тиісті кезеңімен салыстырғанда шығыстар сомасы 14,1 млрд.теңгеге немесе 49,4% - ға өсті.

Шығындар құрылымындағы ауқымды үлес білім беруге – 59,7%, әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға – 2,7%, спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік салаларына - 4,4% денсаулық сақтауға – 0,3% келеді.

Сумен қамтамасыз ету және су бұру.

2025 жылы қалалар мен ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін 100,0%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыстың 367 ауылдық елді мекенінен 340 немесе 675,3 мың адам (97,1%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы АЕМ - де және облыс қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және қайта жаңғыртуға 8,3 млрд. теңгеге (оның ішінде: РБ – 6,5 млрд. теңге, ЖБ – 1,8 млрд. теңге) 33 жобаны іске асыру қарастырылды.

Электрмен, жылумен және газбен қамтамасыз ету.

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылға      4,8 млрд. теңгеге (РБ – 3,7 млрд. теңге, ЖБ – 1,1 млрд. теңге) 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Экология.

2024 жылы Жамбыл облысындағы стационарлық көздерден ластаушы заттардың нақты жиынтық шығарындылары 52,9 мың тоннаны құрады. Тараз қаласындағы атмосфералық ауаның ластануы «төмен» деңгейде көрінеді, мұнда көлік көп жүретін қиылыстарда күкірт қышқылының орташа тәуліктік деңгейінің жоғарылауы байқалады, бұл автомобиль көлігінің атмосфералық ауаның ластануына айтарлықтай әсерін көрсетеді (тоқсандық есеп).

Халық саны.

2025 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша халық саны                    1 222,5 мың адамды құрайды. Оның ішінде Тараз қаласында 435,9 мың адам, Байзақ ауданында 106,5 мың адам, Жамбыл ауданы – 88,2 мың адам, Жуалы ауданы – 54,2 мың адам, Қордай ауданы – 157,6 мың адам, Т.Рысқұлов ауданы – 66,7 мың адам, Мерке ауданы – 88,3 мың адам, Мойынқұм ауданы -                   27,9 мың адам, Сарысу ауданы – 43,5 мың адам, Талас ауданы - 48,2 мың адам, Шу ауданы - 105,5 мың адам.

Әлеуметтік қорғау.

2024 жылы (3 тоқсандағы) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады, жұмыссыздардың саны 27365 адамды құрайды, (бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 129 адамға жоғары), өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 182281 адам, 2023 жылдың көрсеткішінен 494 адамға көп, облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың барлығынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 33,5%-ды құрайды. 2025 жылдың                          1 ақпанына жаңадан 3406  жұмыс орны құрылды.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі                      2024 жылдың  3 тоқсанында 5,6%-ды немесе 68369 адамды құрайды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 1104 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 74 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 2, «Күміс жас» жобасы бойынша - 21, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 240, онлайн оқыту курстарына – 767 адам жолданды.

Білім.

Бүгінге, 618 мектепке дейінгі ұйымдармен (498 балабақша, 120 шағын орталықтар) 63,1 мың бала немесе 91,3% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2024 жылдың деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа төмен.

2025 жылы 22 білім беру  нысанын дамытуға 27,0 млрд.теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы (Қордай ауданында 2 мектеп (600 орындық), Тараз қ. «Ұлы Дала», «Шөлдала» шағын аудандарында 2 мектеп  (2600 орындық)) қарастырылды.

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 1 мектеп                       (100 орындық), Жамбыл ауданында 1 мектеп (100 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Шу ауданында 3 мектеп (340 орындық), Тараз қаласында дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернатының құрылысы және 11 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстағы 449 мектеп Интернет желісіне және «Bilimclass» жүйесіне қосылған. 358 мектепте 1624 интерактивті панельдер орнатылған.

Денсаулық сақтау.

2025 жылдың қаңтарында туберкулез, наркологиялық аурулармен және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар, қатерлі ісік, психикалық бұзылу, мерез және қант диабетімен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімі тіркелмеген.  

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісіне 392 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 28 ауруханалық ұйымдары, 148 амбулаториялық емханалық ұйымдар, 4 диспансер, 58 фельдшерлік-акушерлік пункт,                    146 медициналық пункт және 8 басқа ұйымдар.

Жамбыл облысының 2025 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
28 февраля 2025