Жамбыл облысының 2024 жылғы қаңтар - желтоқсандағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы

 Жамбыл облысының 2024 жылғы қаңтар - желтоқсандағы

әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 913,1 млрд.теңгені құрады, немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 1,9%-ға  артқан.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1,6%-ға (598,1 млрд. теңге) төмендеді. 

Өсім кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 1,3%-ға                       (119,2 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 17,5%-ға (188,6 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 8,5%-ға (7,2 млрд.теңге) деңгейінде қалыптасқаны байқалады.

2024 жылы 194 жаңа жұмыс орнын құрумен 5,0 млрд. теңгеге                           3 өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 488,5  млрд. теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге 96,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 291,5 млрд. теңге (НКИ - 92,7%), мал шаруашылығы - 196,3 млрд. теңге (НКИ - 102,2%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 24,7 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2025 жылдың 1 қаңтарына 24,6 млрд.теңге игерілді.

Өсімдік шаруашылығында 2024 жылы 156,1 мың га күздік дақылдар егілді, бұл жоспардың 24,9%-ын құрайды.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта)                   129,9 мың тоннаны (103,1%) құрады, сүт - 226,3 мың тонна (101,3%), жұмыртқа - 123,6 млн. дана (94,2%) өндірілді. МІҚ саны 429,4 мың басты (100,5%), қой - 3 017,8 мың басты (107,4%), жылқы - 174,0 мың басты (103,2%), түйе - 7,8 мың басты (107,8%), құс - 1 981,3 мың басты (94,4%) құрады.

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2024 жылғы қаңтар-маусым айларында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 596,0 млрд. теңге (123,9%), жұмыспен қамтылғандар саны – 164,6 мың адамды (99,9%) құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 103,8 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі                 88,4%-ды құрайды.

2024 жылғы қаңтар - желтоқсанда бөлшек сауда айналымының көлемі                               547,7 млрд.теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  3,4%-ға өсті және көтерме тауар айналымы - 434,8 млрд. теңгені құрап,  2,2%-ға өскен.

2024 жылғы қаңтар-қарашада ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 506,3 млн. АҚШ долларын немесе 121,9%-ды құрады, оның ішінде тауарлар экспорты - 210,3 млн. АҚШ доллар (263,2%), импорт - 296,0 млн. АҚШ доллар (88,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 85,7 млн. АҚШ доллар.

Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда                              588,9 млрд.теңгені (109,9%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 49,5 млн. тонна (111,5%), жүк айналымы - 44,1 млрд.ткм (106,4%), жолаушыларды тасымалдау - 69,9 млн. адам (116,7%), жолаушылар айналымы - 2,2 млрд.жкм (119,5%) құрады.

 Конец формы

 

Конец формы

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 506,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 93,9%-ды құрады.

Инвестиция көлемінің төмендеуінің себебі - Байзақ ауданында                      2023 жылы Сарыкемер ауылында электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілді, Сарыкемер ауылында 60 пәтерлік 5 көпқабатты тұрғын үйге ИКИ құрылысы, Кеңес және Жақаш ауылдарында «Беккер» биотермиялық шұңқырының құрылысы (КГУ «Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»), ауыл шаруашылық техникаларды сатып алу (ШҚ), Қордай ауданында Бетқайнар және Қайнар шекара бөлімшелерінің аумақтарында жағалауды нығайтудың құрылысын салу жұмыстары жүргізілді, Сортөбе ауылында 200 келушіге арналған емхана құрылысы жүргізілді (Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы), Сарысу ауданында жел электр станциясының құрылысы жүргізілді («Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС), химиялық заттарды өндіретін зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге инвестициялады («Еврохим-Қаратау» ЖШС), Шу ауданында мыс өндіру бойынша күрделі тау-кен жұмыстарына шығындар (кеніштер) («KAZAKHMYS CORPORATION» ЖШС филиалы – «Балқашцветмет» өндірістік бірлестігі), қант қызылшасын өсіруге арналған ауылшаруашылық жерлерін суаруға арналған шағын кешен мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестиция салынды («QYZYLSHA ZHER» ЖШС), Тараз қаласында 2023 жылы аммофос өндіретін зауытты кеңейтуге инвестиция салынды («Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар» ЖШС Тараз филиалы), жылжымалы құрамды күрделі жөндеуге инвестиция салынды («Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі).

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 330,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 116,2%-ды құрады.

Өсім Жуалы ауданы Қайрат ауылында цехтың құрылысы («ТибердаСтройСервис» ЖШС), Ақтөбе және Тоқтыбай ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы («ТемирСтройСервис и КО» ЖШС), Момышұлы ауылында дүкендер мен сауда үйінің құрылысы («Саки ЛТД» ЖШС) есебінен, Қордай ауданында «КорЦем» ЖШС үшін цемент зауытының құрылысы («Казградострой» ЖШС)  есебінен, Аухатты ауылындағы жаңа тұрғын алабында ВЛ-04 Кв электр желілерін салу, Қайнар ауылындағы 3800 га суармалы алқапты сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін қысымды су құбырын тарту («ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС), Мойынқұм ауданында «Орталық-Оңтүстік» дәлізі шегінде «Күрті - Бұрыл Байтал» автожолының учаскесін қайта жаңарту («Синемедастрой» БК» ЖШС), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Балқаш-Бұрыл Байтал» учаскесін қайта жаңғырту («SINOHYDRO BUREAU 16» ЖШС Қазақстандағы филиалы), Талас ауданында облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын орташа жөндеу есебінен                         («ТАРАЗ-КӨЛІК ЖОЛЫ» ЖШС),  Қаратау қаласындағы «Флора» саяжай массивіне су құбырын салу («ТЕМИР-СТРОЙ СЕРВИС И КО» ЖШС), Қаратау қаласындағы жеке қазандықты қайта құру («КАРАГАНДА-КОТЛОМАШ» ЖШС), Ойық ауылында спорт кешенін салу («AKM GROUP» ЖШС), Қаратау қаласындағы 80 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту («Кондор KZ» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  759,0 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 104,5%-ды құрады.

478,4 мың м2 жеке тұрғын үй (2749 бірлік үй), 1645 пәтерге арналған                 269,0 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (72 үй) пайдалануға берілді.

Инфляция деңгейі 2024 жылдың желтоқсан айында 2023 жылғы желтоқсанға 107,0%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 6,7%-ға, ақылы қызметтер – 13,2%-ға өсті.

Облыстағы инфляция деңгейі орташа республикалық деңгейден                    (ҚР – 108,6%) 1,6 пайыздық тармаққа төмен.

Азық - түлік тауарлары бойынша 2024 жылғы желтоқсанда жаңа піскен көкөністердің бағасы - 18,4% - ға (о.і. қызанақ - 47,2%-ға, қияр - 45,4%-ға, қырыққабат - 16,8%-ға, картоп - 10,0%-ға,, пияз - 2,9%-ға, қызылша - 5,1%-ға, сәбіз - 3,4%-ға), майлар мен майлар - 4,1%-ға,  (күнбағыс майы, өсімдік майы - 4,6%-ға, тұздалмаған сары май - 4,1%-ға), кофе - 2,6%-ға, жұмыртқа - 0,7%-ға, жаңа піскен жемістер - 3,3%-ға, (алма - 0,7%-ға), сүт өнімдері - 1,2%-ға (оның ішінде қаймақ - 2,7%-ға, сүзбе - 5-9% май - 0,8%-ға, айран-2,5% май - 0,1%-ға), балық және теңіз өнімдері - 2,4%-ға, ет - 0,4%-ға,                          ( шошқа еті -1,7%-ға, сиыр еті-0,7%-ға, жылқы еті, қой еті - 0,1%-ға) өсті.

Күріш - 1,5% - ға, қант - 1,3% - ға, арпа жармасы - 0,3% - ға бағалары төмендеді.

Жарма, макарон, құс еті, және шай бағалары өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік тауарлары бойынша тас көмір бағасы - 5,4% - ға, балалар аяқ киімі - 3,4% - ға, фармацевтикалық өнім - 2,1% - ға, өзге де заттар, аспаптар мен жеке пайдаланылатын тауарлар - 1,1% - ға, жуу және тазалау құралдары - 1,0% - ға, сыртқы киім - 0,7% - ға, бензин - 0,1% - ға өсті.

Шыны бұйымдарының, ас құралдары мен үй ыдыстарының бағасы - 1,2% - ға, тұрмыстық аспаптардың бағасы - 0,7% - ға, дизель отынының бағасы - 0,2% - ға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтерінің бағасы - 3,1%-ға , тұрғын үй үшін нақты жалдау ақысы - 1,9%-ға, демалыс, ойын - сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 1,4%- ға, сақтандыру - 0,9%- ға, көлік қызметтері - 0,7%-ға (о.і. автомобиль жолаушылар көлігі - 0,9%-ға).

Әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы - 2,2%-ға, теміржол жолаушылар көлігі - 0,3%-ға төмендеді.

Тұрғын үйді күтіп ұстау, стоматологиялық қызметтер, амбулаториялық қызметтер, ұялы байланыс қызметтері, интернет үшін төлем өзгеріссіз қалды.

Салықтар. 2025 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке                             254,4 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 98,7%  (о.і. РБ – 74,9 млрд. теңге (94,2%), ЖБ  - 179,6 млрд. теңге (100,7%) түсті.

Салық бойынша берешек 4,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 90,2%-ды құрады.

Бюджет. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 701,4 млрд. теңгені, о.і. өзіндік кірістері – 179,6 млрд. теңгені немесе болжамға 100,7%-ды (о.і. салықтық түсімдер – 152,5 млрд. теңге (104,1%), салықтық емес түсімдер – 15,5 млрд. теңге (93,2%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  - 11,6 млрд. теңге (76,3%)) құрады.

Бюджеттік шығындар 99,2%-ға (727,9 млрд. теңге) игерілді.   

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жалпы 62651 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 35861 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 811 адам, жастар практикасымен 2660 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  - 10427 адам қамтылды.

Жаңадан 70056 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы -                       51296. Жұмыс іздеп тіркелген 75007 адамның 41532-сі жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 279645 теңгені құрады,                 бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 8,5%-ға                     артты (2024 ж. 3 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы                   2024 жылдың 3 тоқсанына 141853 теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға өсті.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 42,5 мың тұрғынға                    3 491,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек –  3 332,2 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 88,6 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 70,9 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға                               344,0 млрд. теңге қарастырылып, 343,5 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,9%. Білім беру саласында 36 білім беру нысанын дамытуға 27,5 млрд. теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында    1 мектеп (600 орындық), Қордай ауданында 2 мектеп (600 орындық), Тараз қ.                      4 мектеп  (5000 орындық) құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 3 мектептің (3000 орындық) құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектеп                       (200 орындық), Жамбыл ауданында 2 мектеп (250 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында  1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (180 орындық), дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернатының құрылысы және 14 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған. Есепті кезеңде 12 білім нысандарының құрылысы аяқталды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.

Облыстағы 449 мектеп Интернет желісіне және «Bilimclass» жүйесіне қосылған. 355 мектепте 1550 интерактивті панельдер орнатылған.

Бүгінге, 618 мектепке дейінгі ұйымдармен (498 балабақша, 120 шағын орталықтар) 62,4 мың бала немесе 91,3% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2024 жылдың деңгейінен 0,9 пайыздық тармаққа төмен.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
19,0 млрд. теңге бөлініп, 18,6 млрд. теңгесі игерілді немесе 98,1%-ды құрады.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 4,0 млрд. теңге бөлініп, толығымен игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға –                    5,9 млрд. теңге бөлініп, 5,7 млрд. теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 7 430,8  млн. теңге                               (о.і. РБ – 6 141,0 млн. теңге, ЖБ  - 1 289,8 млн. теңге) қарастырылған.

Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП - 10 құрылысы,                       Қордай а. 270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана,                        Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы,                          Қордай ауданы Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту). Есепті кезеңде                     20 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталды (ДА – 2, МП-7, ФАП – 10, Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы).

2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында наркологиялық аурулармен, психикалық бұзылу, мерез, қан айналымы жүйесі және қант диабетімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар, туберкулез, және қатерлі ісікпен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімінің 3 жағдайы Тараз қаласы, Жуалы және Меркі ауданында тіркелді.

Қоғамдық қауіпсіздік. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда тіркелген қылмыстардың саны 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға төмендеді (оның ішінде ауырлығы орташа - 23,8%-ға, ауыр - 8,6%-ға, онша ауыр емес қылмыстар - 6,9%-ға). Аса ауыр қылмыстар саны 14,6%-ға өсті

Жамбыл облысының 2024 жылғы қаңтар - желтоқсандағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
28 февраля 2025