Жамбыл облысының 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы
2023 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысымен экономикалық өсім 106,8%-дықұрады (ҚР – 105,3%).
Өнеркәсіп өнімі көлемі 510,1 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың қаңтар-шілдесіне нақты көлем индексі - 107,8% (ҚР – 103,6%). Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі - 60,3 млрд.теңгеге (114,2%), өңдеу өнеркәсібі – 365,5 млрд.теңгеге (108,2%) өнім өндірілді.
Ауыл шаруашылығыөнімі көлемі 160,9 млрд. теңгені құрап, өсім 2,3%-ды құрады (ҚР – 102,6%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 42,0 млрд.теңгеге (101,7%), мал шаруашылығы – 118,9 млрд. теңгеге (102,6%) өнім өндірілді.
Негізгі капиталға 241,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 115,9% деңгейінде қалыптасты (ҚР – 112,4%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,6 млрд.теңгеге жүргізіліп, НКИ 132,4%-ды құрады (ҚР – 112,2%). 349,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ – 101,3% (ҚР – 111,7%).
Сауда айналымы 484,2 млрд. теңгені құрап,НКИ - 102,0%(ҚР – 109,7%).
Көлік және қоймалау көлемі 286,5млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 0,8%-ға төмен қалыптасты (ҚР – 107,2%).Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымладау 9,3%-ға, жүк айналымы 4,3%-ға, жолаушылар айналымының 5,9%-ға, төмендеуі есебінен қалыптасып отыр.
Байланыс қызметі 108,4%(5,6 млрд. теңге) деңгейінде қалыптасты (ҚР – 108,5%).
Тұтыну бағаларының индексі 105,4%-ды құрады (ҚР-105,8%), оның ішінде азық-түлік тауарларына –105,5% (ҚР-105,9%).
Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды (2023 ж. 2 тоқсан) құрады (ҚР - 4,7%).
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы291,9 мың теңгені (2023 ж. 2 тоқсан) құрап, номиналды көріністе 12,4%-ға өсті (2022 ж. 2 тоқсанында – 259,7 мың теңге).
Жан басына шаққанда орташа атаулы ақшалай табыс
2023 жылғы 1 тоқсан қорытындысымен 121,9 мың теңгені құрап(2022 ж.1 тоқсан – 100,5 мың теңге), атаулы көріністе 21,2%-ға артты.
2023 жылға арналған облыс бюджеті кірістерінің жылдық жоспары626,7 млрд. теңге, оның 139,4 млрд. теңгесі өзіндік кірістер(салықтық түсімдер 118,5 млрд. теңге, салықтық емес түсімдер 6,6 млрд. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14,3 млрд. теңге, оның ішінде, азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер –12,9 млрд.теңге)құрайды.
Республикалық бюджеттен түсетін трансферттер 487,3 млрд.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 19,4 млрд.теңге, нысаналы даму трансферттері – 62,6 млрд.теңге, субвенция – 405,3 млрд.теңге.
Облыс бюджеті шығындарының жылдық жоспары634,4 млрд.теңге, оның ішінде әлеуметтік сала шығындары 397,3 млрд.теңгені немесе 62,6%-ын құрайды.