Жамбыл облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 471 жоба іске асырылды
Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 222,1 мың адам тұрады. Соңғы 10 жылда жалпы облыс халқының саны 137,7 мың адамғаөссе, ауыл халқы
145,4мың (647,9 мыңнан 693,3 мыңға, 7,0%-ға) адамға, қала тұрғындары 92,3 мыңға өскен.
Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес облыста даму әлеуеті жоғары болып 239 ауылдық елді мекен іріктелді (ауыл халқының 92,8%-ы немесе
643,2 мың адам), оның 67-сі тіректі (401,3 мың адам),172/4-і спутниктік/стратегиялық (241,9 мың адам), қалған 128-ның даму әлеуеті (50,1 мың адам) орташа/төмен болып анықталды.
Осыған орай, облыс бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019 – 2022 жылдары 137 ауылда (59 тіректі, 77 спутникті, 1 стратегиялық) жалпы 32,8 млрд.теңгеге 471жоба іске асырылды.
Нәтижесінде, 49білім нысаны (6 құрылыс),28 денсаулық сақтау нысаны(13 құрылыс),29мәдениет (6 құрылыс), 22 спорт нысандары
(17 құрылыс) бойынша күрделі және құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 37 тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары жөнделіп, құрылысы жүргізілсе 443,0 шақырымды құрайтын 277 ауылішілік көшелері жөнделіп, 2 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды.
2023 жылы да бұл бастама жалғасын тауып, жоба аясында 90 елді мекенде (35 тіректі, 55 спутникті)268 жобаны іске асыруға 13,6 млрд.теңге(Ұлттық қордан – 6,6 млрд теңге, ЖБ – 7,0 млрд.теңге) бөлінді.
Жалпы бөлінген қаржыға 6 мектепке жапсарлас ғимараттың,17(10 өтпелі)денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, 11(4 өтпелі) мәдениет үйінің, 3(1 өтпелі)денсаулық сақтау нысанының, 1 қосалқы электр станциясының құрылыс жұмыстары және 7 білім нысанын газбен қамту жұмыстары жоспарланған.
Сонымен қатар, 8 әлеуметтік нысандары мен
308,0 шақырымға жуық (215 жоба)ауылішілік көшелерінің жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылатын болады.
Нәтижесінде 920 жұмыс орны құрылады (131 тұрақты,
789 уақытша, нақты 385 жұмыс орыны құрылды).
Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша
268(253 жаңа, 15 өтпелі) жобаның 245 жобасының конкурстық рәсімдері аяқталып, жұмыстар басталуда.
Жоспар бойынша5 635,8 млн. теңгеқаржы бөлініп(РБ –1 950,0 млн. теңге, ЖБ – 3658,6 млн.теңге), оның4 735,1 млн.теңгесі (РБ – 1957,0 млн. теңге, ЖБ – 2 778,1 млн.теңге) игерілді немесе жоспар 84,0%-ға орындалды, жылдық жоспар бойынша игерілуі34,7%-ға орындалды.
Үстеміздегі жыл басынан дене-шыңықтыру сауықтыру кешені, 2 мәдениет нысаны пайдалануға берілсе, дәрігерлік амбулатория мен мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өтіп, 66,7 шқ құрайтын 67 ауылішілік көше жолдары орташа жөнделді.
2023 жылдың соңына дейін жалпы 179 жобаны аяқтау жоспарлануда (25 құрылыс нысаны, 148 жол жөндеу, 6 күрделі жөндеу)
17 жоба 2024 жылға өтпелі.