Жамбыл облысының 2023 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 Жамбыл облысының 2023 жылғы қаңтардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтарда 74,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 3,5%-ға (6,8 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 1,7%-ға (52,9 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда -4,3%-ға (13,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 3,5%-ға (0,6 млрд. теңге) өсім байқалады. 

2023 жылы индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде 183 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 26,9 млрд. теңге болатын                       4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («АлельАгро» АҚ - Жамбыл облысында құс еті шаруашылығын дамыту зауыты, «Satellie GS» ЖШС - Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, «Мол Даму» ӘКК - сүт және сүт өнімдерін қайта өндеу цехын салу, «Бахор» ЖК - сүт фермасы мен сүтті қайта өңдеу цехының құрылысы).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,3 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың қаңтарына 103,0%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 0,2 млрд. теңге                   (НКИ-100,0%), мал шаруашылығы - 13,1 млрд. теңге (НКИ-103,0%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен және субвенциялар есебінен республикалық бюджеттен               22 436,8 млн. теңге субсидия бөлінді.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында                    8,9 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 106,8%, сүт - 17,6 мың тонна (101,6%), жұмыртқа - 8,0 млн. дана (85,5%).

МІҚ саны 1,1%-ға (502,3 мың бас), қой - 6,7%-ға (3200,4 мың бас), жылқы - 5,2%-ға (171,1 мың бас), құс - 17,5%-ға (2058,7 мың бас) өсті.

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 720,8 млрд.теңгені (119,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 143,5 мың адамды (114,8%) құрады.

2023 жылғы 1 ақпандағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің 95,6 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 87,7%-ды құрайды.

2023 жылғы қаңтардағы бөлшек бөлшек сауда айналымы                           32,1 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтарға қарай 1,1%-ға, көтерме сауда айналымы - 20,7 млрд. теңге (1,7%- ға) артты.

2022 жылғы қаңтар-қарашада ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы                  377,2 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 161% құрады, оның ішінде экспорт - 146,7 млн. АҚШ долларын (2,8 есе), импорт - 230,5 млн. АҚШ долларын (1,3 есе). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 83,8 млн. АҚШ доллары.Начало формы

 

Конец формы

Көлік. Көлік қызметтері 2023 жылғы қаңтарда 31,7 млрд.теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға 80,3%-ға құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 3,5 млн. тонна (80,4%), жүк айналымы - 3,2 млрд.ткм (85,5%), жолаушыларды тасымалдау 4,4 млн. адам (136,2%), жолаушылар айналымы – 125,5 млн. ткм (103,1%) құрады.

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі                       16,7 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 167,6%-ды құрады.      

Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 135,5% құрады.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  26,4 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 114,2%-ды құрады.

Инфляция деңгейі 2023 жылғы қаңтар айында 2022 жылғы желтоқсанға 0,9% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 1,1% - ға, азық-түлік емес тауарларға  - 1,0% - ға, ақылы қызметтерге - 0,3% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 1,1%).

Азық - түлік тауарлар тобы бойынша 2023 жылғы қаңтар айында  жемістер мен көкөністердің бағасы - 5,8% - ға (оның ішінде пияз - 22,6% - ға, тәтті бұрыш - 20,3%-ға, қияр - 18,7%-ға, қырыққабат - 12,3%-ға,                    алма - 2,0%-ға, картоп - 1,2%-ға), жұмыртқа - 2,2% - ға, күріш - 2,0% - ға, макарон өнімдері - 1,1% - ға, құс еті - 1,0% - ға, май мен  тоң май - 0,8% - ға                     (оның ішінде тұздалмаған сары май - 1,2% - ға), сүт өнімдері - 0,7% - ға, балық пен теңіз өнімдері - 0,2% - ға.

Қант бағасы 4,4% - ға, жарма бағасы 1,3% - ға төмендеді. Нан, қой, сиыр, шошқа мен жылқы етінің бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық - түлік емес тауарлар тобы бойынша жуу және тазалау құралдарының бағасы - 2,1% - ға, киім мен аяқ киім - 1,2% - ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,5% - ға, ЖЖМ бағаларының  - 0,1% - ға өсуі байқалады.

Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында салттық қызметтер 22,6% - ға, заңды - 12,6% - ға, амбулаториялық - 1,6% - ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері - 1,2% - ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің - 0,6% - ға, демалыс және ойын-сауық саласында - 0,5% - ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұрақты болып қалды.

Жолаушылар көлігі қызметтері 0,1% - ға (оның ішінде әуе көлігі -                    14,6% -ға, теміржол көлігі - 0,6% - ға) төмендеді.

Салықтар. 2023 жылдың 1 ақпанына мемлекеттік бюджетке                             12,4 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 176,1%  (о.і. РБ - 4,8 млрд. теңге (141,4%), ЖБ  - 7,6 млрд. теңге (208,9%)) түсті.

Салық бойынша берешек 2,6 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 75,1%-ды құрады.

Бюджет. 2023 жылдың 1 ақпанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 29,2 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері -                7,6 млрд. теңгені немесе болжамға 208,9%-ды (о.і.салықтық түсімдер - 6,8 млрд. теңге (196,8%), салықтық емес түсімдер - 0,3 млрд. теңге (292,2%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  0,4 млрд. теңге (12,2 есе) құрады. Бюджеттік шығындар 94,2%-ға (23,8 млрд.теңге) игерілді.      

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 5 782 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 1 526 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 326 адам, жастар практикасымен - 145 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  2555 адам қамтылды.

Жаңадан 5 093 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы -  2 004. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген                            8 732 адамның 4 597 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 243 477 теңгені құрады,                 бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 13,1%-ға                     артты (2022 ж. 4 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
97 098 теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   10,5%-ға (2022 ж. 3 тоқсан) өсті.

2023 жылдың қаңтар айларында 6,9 мың тұрғынға 12,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і.тұрғын үй жәрдемақысы - 12,2 млн.                 теңге).

Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 315,6 млрд. теңге қарастырылып, 17,5 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,2%. 2023 жылы білім беру нысандарын дамытуға 21,9 млрд.теңге қарастырылды (Ұлттық Қор қаражаты есебінен - 15,3 млрд.теңге,                             ОБ - 6,6 млрд. теңге).                                          

2023 жылы 13 білім нысандарының (Жамбыл ауданы Шоқай ауылындағы 150 оқушыларға, Қордай ауданы Бәйтерек ауылындағы 150 орындық, Мерке ауданы Ақжол ауылында 80 орындық және Қайыңдысай ауылында                    150 орындық, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық, Шу ауданы Төлеби ауылы Әл-фараби атындағы 300 орындық, Тараз қ. «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, Казарма алқабында 100 орындық, Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 1200 орынға арналған мектеп салу             (№16 учаске), Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 1200 орынға арналған мектеп салу (№21 учаске) орта мектептерінің құрылысы, Тараз қаласы №6 орта мектебі ғимаратына жапсарлас спортзал құрылысы, Сарысу ауданы Жаңаталап ауылы Жаңаталап орта мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана және мәжіліс залы құрылысын салу) құрылысын жалғастыру қарастырылған.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 8 мектептің (Байзақ ауданы Бурыл ауылында 300 оқушыға және Сарыкемер ауылында                600 оқушыға, Қордай ауданы Қарасу ауылында 300 оқушыға және Қаракемер ауылында 300 оқушыға арналған, Тараз қаласының 13 мөлтек ауданында              1 200 оқушыға, 15 мөлтек ауданында 2 000 оқушыға, 15 мөлтек ауданында              1 200 оқушыға, Тараз қаласы «Шөлдала» тұрғын алқабында 1 200 оқушыға арналған мектептер құрылысын салу) құрылысы қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен                      1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстың  445 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2430 интерактивті тақталар орнатылды.

2023 жылғы 1 ақпанына облыстағы 572 мектепке дейінгі ұйымдарымен (449 балабақша, 123 шағын орталықтар) 59,4 мың бала немесе 91,7%                  (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
11,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 226,5 млн. теңге игерілді, немесе 99,4%-ды құрады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,5 млрд. теңге, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3,9 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 6,9 млн. теңгесі игерілді.

4 денсаулық сақтау нысанын дамытуға (ДА - 1, Жуалы ауданы ОАА қосымша ғимарат құрылысы, Меркі ауданының ОАА ғимараты және Шу ауданы Шу қаласының қалалық емханасын қайта жаңғырту) 940 млн. теңге қарастырылды.

2023 жылғы қаңтарда қант диабеті, психикалық бұзылулар, қатерлі ісік ауруларының, туберкулез, наркологиялық аурулары және мерез сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, сонымен қатар қан айналымы жүйесі деңгейі төмендеді.

Жамбыл облысының 2023 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
30 марта 2023