
Министр Тараз қаласындағы облыстық дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығында болып, аймақтағы діни ахуал туралы пікір алмасып, кәсіби мамандардың ой-ұсыныстарын тыңдады. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді талқылады.