Облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2020 жылы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат
Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде орындалған шаралар туралы келесі ақпараттарды хабарлайды:
Мемлекеттік мекемеде штат бойынша 7 қызметкер, оның ішінде: басшы, 2 бөлім басшысы, 3 бас маман, 1 бас маман-бас есепші қызмет атқаруда.
Қазіргі таңда басқарманың бас маманы Елнұр Әскенұлының өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты (басқарма басшысының 2020 жылдың 25 тамызындағы №59 ж/қ бұйрығы) басқармада 1 бос орын бар.
Көрсетілген кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын немесе тәртіптік теріс қылық жасаған әрекеттері үшін жазаға тартылған қызметкерлер болмаған.
Басқармамен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 5-бабы 2 тармағына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспары 2019 жылдың 24 желтоқсанында бекітіліп, www.goszakup.gov.kz электронды веб порталына орналастырылды.
Оның ішінде бүгінгі күнге 34 келісім шарт жасалынған (22 келісім шарт «Бір көзден алу», 12 келісім шарт «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алынған). Тауарларды жеткізу, жұмыстар мен қызметтерді орындау Келісім шартта көрсетілген мерзімінде жасалып отыр. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа тәуекел факторлары анықталмаған.
Басқарма Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес:
- заңды тұлғаларға «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;
- жеке және заңды тұлғаларға «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;
- жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметтерін көрсетеді.
2020 жылдың бүгінгі күнге дейін дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызмет түрі бойынша 2 қызмет көрсетілді.
- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) (намазхана, табыну үйі) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардан өтініштер түспеуіне байланысты аталған қызметтер көрсетілмеді.
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Бүгінгі күнге дейін Басқармаға 21 заңды тұлғадан, 23 жеке тұлғадан, 4 ұжымдық хаттар түсіп, хатқа уақытылы жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Басқарма қызметкерлерімен ү.ж. ішінде басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп отыр.
Жалпы, басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
Басқарма тарапынан 2020 жыл ішінде ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар
Басқарма тарапынан діни бірлестіктер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріледі. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды жүргізуге діни бірлестік өкілдері де қатыстырыла отырып іс-шаралар ұйымдастырылды.
Басқарма «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, а.ж. 6 наурызы күні облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев жұма намазына жиналған жамағатқа ислам діні тұрғысынан сыбайлас жемқорлықтың қатері туралы түсіндірді. Жұма намазына жиналған 1500 адам имамның сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөздерін тыңдап, діннің бұл зиянды құбылысқа қатысты тыйымдарымен танысты.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар ағымдағы жылдың 6 наурызы күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде де өткізіліп, аталған мешіттің наиб имамы Ә. Егізбаев жұма намазына жиналған жамағатқа сыбайлас жемқорлықтың қатері, діннің бұл мәселеге қатысты үкімі туралы түсіндірді. Жұма намазына жиналған 1000 адам имамның сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөздерін тыңдап, діннің бұл зиянды құбылысқа қатысты тыйымдарымен танысты.
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында облыс әкімімен әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес а.ж. қыркүйек айының 7-23 күндері аралығында Қордай, Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ аудандарында діни қызметкерлер мен ақпараттық түсіндіру тобының мүшелеріне 5 іс-шара өткізіп, аудан ақсақалдары мен имамдарының, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пән мұғалімдерінің қатысуымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажеттігі айтылып, сыбайлас жемқорлықтың қатері туралы түсіндірілді. Іс-шаралар барысында 176 адам қамтылды.
Басқарманың ұйымдастыруымен а.ж. 23 желтоқсан күні облыс аумағында қызмет атқаратын діни бірлестіктер басшылар Клубының қорытынды отырысы өткізіліп, аталған іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың қатері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесу бойынша, сондай-ақ діннің бұл зиянды құбылысқа қатысты тыйымдары туралы айтылды.
Сонымен қатар алдағы уақытта да діни бірлестіктерде өткізілетін діни рәсімдерінде, оқылатын уағыздарында халыққа тұрақты түрде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормалары, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері туралы мешіт және шіркеу келушілеріне айтылып отырады.