Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының 2025 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетеді.

Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылдың ІІ тоқсаны ішінде Басқарма тарапынан:

- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызмет түрі бойынша қызмет алушылардан өтініш түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.

- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» түрі бойынша            4 қызмет қағаз түрінде көрсетілді.

Есепті мерзім ішінде діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары мен насихаттау жұмыстарының саны 13, аталған іс-шаралармен қамтылғандар саны – 70 адамға жуық.

Басқарма тарапынан есепті мерзім ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар  түспеді.

Дата публикации
21 июля 2025