«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6)тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен 21 тамызына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ресми сайтында (МО ИРБП) «Қызметі», «Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлігінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі орналастырылатын болады.
Өңірдің тұрғындарын қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға шақырамыз.