Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 қызмет түрін көрсетеді.

Бұл қызметтер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған қызметтер баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

         2024 жылдың 12 айында діни қызмет саласында 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызмет түрі бойынша 8 қызмет;

- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша қызмет алушылардан өтініш түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.

         2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер өзгермеген (2023 жылдың 12 айында да 8 қызмет көрсетілген).

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болмаған.

         Есепті кезеңде діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары мен насихаттау жұмыстарының саны 23, ол басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген семинарлар мен кездесулер. Аталған іс-шараларда қамтылғандар саны – 342 адам.

         Сондай-ақ, басқарма басшысының «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбындағы мақаласы басқарманың ресми сайттары мен әлеуметтік желілеріне жарияланды және облыстық «Ақ жол» газетінің 2024 жылғы маусымдағы басылымында «Миссионерлік қызметтің міндеті» атты мақала жарияланды.

         2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
21 июля 2025