Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың талдамалық анықтамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2025 жылғы 24 сәуірдегі №15 бұйрығына сәйкес, Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімінің бас маманы А.Карибаевамен Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының қызметіне 2025 жылдың 22 - 28 мамыры аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау жүргізу кезеңі – 2025 жылдың 5 айы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған, олар:
Басқарма Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) және «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №172 Қаулысының негізінде өз қызметін жүзеге асырады.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі №37 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) Басқарманың Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Аталған Ереже ҚР «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заң талаптарына сәйкес әзірленіп, Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен.
Мемлекеттік мекемеде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап штат бойынша 7 қызметкер. Оның ішінде: басшы, бөлім басшысы, 4 бас маман, 1 бас маман-бас есепші.
2025 жылдың 5 айы ішінде кадрлардың ауысуы болмаған.
Басқарманың қызмет атқарып отырған мемлекеттік қызметшілері арасында 2025 жылдың 1 маусымы жағдайына мүдделер қақтығысы фактілері орын алмаған.
Басқармамен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 5-бабы 2 тармағына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспары 2024 жылдың 26 желтоқсанында бекітіліп, www.goszakup.gov.kz электронды веб порталына орналастырылды.
Оның ішінде 2025 жылдың 1 маусымы жағдайына 29 келісім шарт жасалды, оның ішінде 12 дана шарт «Бағалы ұсыныныстарға сұраным», 10 дана шарт «Электронды дүкен», 4 дана шарт «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», 3 дана шарт «Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден» мемлекеттік сатып алу тәсілдерімен жүзеге асырылды.
Аталған шарттарда мемлекеттік сатып алу заң нормалары сақталынған, өнім берушілер арасында тауарлар және жұмыстар мен қызметтер Шартта көрсетілген міндеттер орындалған. Сондай-ақ, аталған шарттар облыстық терроризмге қарсы комиссиясымен қаралып отырады және бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа тәуекел факторлары анықталмаған.
Сонымен бірге, басқарма тарапынан бюджеттік қаражат шығындарының ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджеттер» электронды порталына Басқарманың 2019 жылғы аудиторлық есептері, қорытындылары салынған.
Басқарма Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес заңды және жеке тұлғаларға «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру», жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызметтерін көрсетеді.
2025 жылдың 5 айы ішінде басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер төмендегідей:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» және
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардан өтініш түспеуіне байланысты бұл қызмет түрлері көрсетілмеді.
Көрсетілген мерзімдер ішінде ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қарау мерзімдері бұзылмаған және қызмет алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты «е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы тіркеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
Аталған «е-Өтініш» платформасы арқылы 2025 жылдың 5 айы ішінде Басқармаға 18 жеке тұлғадан, 9 заңды тұлғадан өтініштер түсіп, мерзімінде орындалып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен бірге, өтініш иелерінен берілген жауаптарына шағымдар түспеген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Жалпы, басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын шараларды жетілдіру мақсатында басқарма қызметкерлері мен облыс аумағында қызмет атқаратын діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтарда іс-шаралар өткізуді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің атқарып отырған жұмыстары жайлы ақпараттарды әлеуметтік желілерге және Басқарманың ресми сайтында тұрақты түрде жарияланып отыруын қамтамасыз ету жұмыстары басқарма тарапынан қадағаланып, жүргізілетін болады.
Басқарманың дін саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру
жөніндегі бөлімінің басшысы Е.Ақбай