Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының
2024 жылғы діни қызмет саласындағы
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетеді.
Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған қызметтер бойынша 2024 жылдың 12 айы ішінде діни қызмет саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер төмендегідей:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» қызмет түрі бойынша 8 қызмет;
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» қызмет түрі бойынша қызмет алушылардан өтініш түспеуіне байланысты аталған қызмет көрсетілмеді.
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында Басқарма тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, басқарманың мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлеріне тұрақты түрде Қағида талаптарын, оның бұзылуын болдырмау, артық құжат талап ету және Қағидада көзделген құжат топтамасы толық болмағанда қызмет нәтижесін ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жыл ішінде діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары мен насихаттау жұмыстарының саны 23, ол басқарманың ұйымдастыруымен онлайн және офлайн форматында өткізілген семинарлар мен кездесулер, сондай-ақ басқарма басшысының «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбындағы мақаласы басқарманың ресми сайттары мен әлеуметтік желілеріне жарияланды және облыстық «Ақ жол» газетінің 2024 жылғы маусымдағы басылымында «Миссионерлік қызметтің міндеті» атты мақала жарияланды.
Аталған іс-шараларда қамтылғандар саны – 342 адам.
Басқарма тарапынан есепті мерзім ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу фактілері орын алған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар түспеді.
Басқармамен көрсетілетін діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.