2 қосымша жоба
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бұйрығымен бекітілді
2024 жылы «_____» _________ № ____
Бюджеттік бағдарлама
269 Облыстың дін істері басқармасы
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
«2025-2027» жылдарға арналған
Бюжеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Мыңбаев С.С. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» №483- IV Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мемлекеттiк басқару деңгейіне қарай Облыстық
мазмұнына қарай Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
іске асыру түріне қарай жеке
ағымдағы/даму ағымдағы
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау, оқыту семинарларын, тренингтер, курстар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар және басқа да іс-шараларын өткізу, оқу – әдістемелік әдебиеттерді, арнайы баспа өнімдерін, ақпараттық бюллетендерді шығару.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) Тиімді және толық бөлінген қаражатты игеру, мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, салықтарды төлеу, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сақтандыру, қызметкерлердің өтеу қызметкерлеріне шығыстарды қызметтік іссапарларға, жанар-жағар май сатып алу және өзге де қорларға ақы төлеу, өзге де жұмыстар мен қызметтер, өзге де ағымдағы шығындар, азаматтық қызметшілер саны (39)
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Халыққа діни қатынастар саласында сапалы консультативтік көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай республикалық "114 - қауырт желісінің" жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды сүйемелдеуді және мемлекеттік органдар, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктер өкілдерінің экстремизмге қарсы тақырып бойынша сөздерін бейнехостингтерде жариялауды ұйымдастыру.