Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ
КАРТОГРАММАСЫ
Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының 2026 жылғы 15 – 19 маусымы аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылуы туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі негізінде әзірленді. Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
|
№ |
Тәуекел аймағы |
Негізгі тәуекел |
Негізгі салалар |
|
1 |
Басқарушылық шешімдер қабылдау |
Жеке мүдделілікке байланысты қызметтік өкілеттіктерді пайдалану |
Басшы, бөлім басшысы |
|
2 |
Мемлекеттік сатып алу |
Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, мердігерлермен жұмыс, шарттардың орындалуын бақылау |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
|
3 |
Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру |
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жобаларды іріктеу, қаржыландыру, игеру |
Қаржы-шаруашылық қызметі |
|
4 |
Мүдделер қақтығысы |
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу |
Басқарманың барлық мамандары |
|
5 |
Әкімшілік рәсімдер және азаматтарды қабылдау |
Өтініштерді қарау, жеке қабылдау және рәсімдік талаптарды сақтау |
Басқарманың барлық мамандары |
|
Лауазым |
Тәуекелді өкілеттіктер |
|
Басшы |
Басқарушылық шешімдер, қаржы, экономикалық және шаруашылық қызмет
|
|
Бас маман – бас бухгалтер |
Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, жұмыстарды қабылдау, еңбекақы және ТМҚ есебі, бюджет қаражатын игеру
|
- Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету.
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша тұрақты түсіндіру және ішкі бақылау жүргізу.
- Құжат айналымын, номенклатуралық істерді, кіріс-шығыс журналдарын және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін біріздендіру.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі 2026 жылғы жоспардың әрбір тармағы бойынша орындалу мониторингін тұрақты жүргізу.
2026 жылғы ішкі талдау материалдары негізінде Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі шоғырлану аймақтары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, мүдделер қақтығысы, құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану процестері болып айқындалады.
Картограммадағы тәуекелдер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жасалғанын білдірмейді, ол тиісті функциялар мен лауазымдардың сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырау дәрежесін сипаттайды. Сондықтан негізгі міндет – анықталған себептер мен жағдайларды жою, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және ішкі бақылауды күшейту.