Ақпараттық-түсіндіру жұмысы мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында халықпен мемлекеттік органдар қызметінің нысандарының бірі болып табылады.
Конфессияаралық қатынастарды нығайту, халықтың дінтану және құқықтық сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың (бұдан әрі - ДДА) радикалды идеологиясына тұрақты иммунитетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру және атаулы жұмысты ұйымдастыру тетіктерінің бірі дін мәселелері жөніндегі ақпараттық – түсіндіру топтарының (бұдан әрі - АТТ) қызметі болды.
Дін мәселелері жөніндегі АТТ азаматтардың дін мәселелері бойынша толық және дұрыс ақпарат алуда конституциялық құқығын іске асыру мақсатында мемлекеттік құрылымдардың құзыретті өкілдерінен, дәстүрлі дін өкілдерінен, құзыретті дінтанушылар мен теологтардан құрылады.
Сондықтан дін мәселелері бойынша АТТ құру мынадай міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:
1) халықтың әртүрлі нысаналы топтары өкілдерінің дін саласындағы базалық білімін қалыптастыру және хабардарлығын арттыру, сондай-ақ азаматтардың қоғамдағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;
2) діни қызмет саласындағы азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру арқылы олардың құқықтық этикасы мен мәдениетін тәрбиелеу;
3) конфессияаралық және конфессияішілік негізде әлеуметтік жанжалдардың профилактикасы және алдын алу;
4) елде тіркелген діни бірлестіктердің қызметі туралы халықты хабардар ету;
5) діни экстремизм мен терроризм идеологиясын насихаттайтын ДДА радикалды идеологиясының қоғамда таралуының алдын алу;
6) дәстүрлі діни құндылықтарға оралу мақсатында нысаналы топтар арасында атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.