GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Цифрландыру
Жобалық басқару
Архив
21 октября 2026
🔐 Қазақстанда «Киберқауіпсіздік туралы» Заң күшіне енді

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында «Киберқауіпсіздік туралы» Заң ресми түрде күшіне енді.

Бұл – елдің цифрлық дамуындағы маңызды кезең және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі мен 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясының заңды жалғасы.
Киберқауіпсіздік – цифрлық Қазақстанның тұрақты әрі қауіпсіз болашағының негізі.

Цифрландыру
Жобалық басқару
21 октября 2026
📶 Жамбыл облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бүгінде өңірдегі 265 ауыл 4G мобильді интернетімен қамтылған. 2026 жылы байланыс сапасын жақсарту мақсатында 76 жаңа базалық станция іске қосылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласында 61 жаңа 5G базалық станциясы пайдалануға беріліп, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік кеңейтілді.

Цифрландыру
21 октября 2026
Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысы әкімдігінің Цифрландыру және архивтер басқармасы мен «Documentolog» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат жасанды интеллект технологияларын электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізу және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бағытындағы бірлескен жұмысты көздейді.

Цифрландыру
Жобалық басқару
21 октября 2026
«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы

🔰«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын сапалы цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Битрикс ақпараттық жүйесіне жалпы 594 іс-шара жоспарланған. Бүгінгі таңда 308 іс-шара орындалды. 341 іс-шара өтпелі жоба болғандықтан, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылы жалғасып, толық аяқталуы жоспарлануда.

Жоба шеңберінде Жамбыл облысында 11 антенна-діңгек құрылысын (АДҚ) салу жоспарланған. Нысандар келесі аудандарда іске асырылады:
* Жуалы ауданы – 1 АДҚ;
* Қордай ауданы – 3 АДҚ;
* Меркі ауданы – 1 АДҚ;
* Т. Рысқұлов ауданы – 2 АДҚ;
* Мойынқұм ауданы – 4 АДҚ.

Бұл шаралар жол бойындағы елді мекендер мен көлік қатынасы учаскелерін тұрақты интернетпен қамтуға, байланыс сапасын арттыруға және тұрғындардың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру
Жобалық басқару
21 октября 2026
Жұмыс кездесуі

📍Цифрлық даму — бүгінгі күннің басты бағыты. Осы орайда Цифрландыру басқармасымен және АО «Қазақтелеком» өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірдегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және тұрғындарға қолжетімді цифрлық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

АО «Қазақтелеком» тарапынан жаңа буындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалар таныстырылып, алдағы бірлескен жоспарлар пысықталды.

Басты мақсат — заманауи әрі тұрақты цифрлық экожүйе қалыптастыру. 🤝💻

Цифрландыру
Жобалық басқару
Архив
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
21 октября 2026
Кеңес отырысы

📅 29 сәуір күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік органдар қызметіндегі процестердің ашықтығын арттыру, рәсімдерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында цифрлық құралдарды енгізу мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.

Цифрландыру
Жобалық басқару
21 октября 2026
🚀 Жамбыл облысында жаңа білім кеңістігі ашылды!

💡 Tomorrow School — болашаққа қадам, жаңа мүмкіндіктер алаңы!

Tomorrow School — Тараз қаласына келеді!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 14 өңірде Tomorrow School желісін іске қосты. Бұл — жасанды интеллект саласындағы білім беру мектебі, 2024 жылы Astana Hub базасында құрылған және енді бүкіл ел бойынша кеңейтіліп жатыр.

Жамбыл облысында Tomorrow School Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында ашылады.
Оқу тегін болады және 18 жастан асқан барлық азаматтарға қол жетімді — IT саласына алғашқы қадамын жасағысы келетіндер де қабыла алады.

Zhambyl Hub және Zhambul Polytech — облыстың цифрлық болашағы үшін!

Цифрландыру
Жобалық басқару
21 октября 2026
Digital Qazaqstan 2026 форумы

💡 Негізгі тақырыптар мен сәттер:
• 🎖 Digital Qazaqstan Awards 2026 – үздік IT жобаларды марапаттау
• 🏆 Yzdik IT Ustaz – IT мамандарға құрмет көрсету
• 🚀 Decentrathon 5.0 – салтанатты ашылу
• 🏛 Пленарлық және панельді сессиялар: GovTech, Industry 5.0, EdTech, Smart City
• 🖥 Стартаптар мен IT компаниялардың көрмесі
• 🤖 Робототехника зонасы: бокс роботов, AI Drones, Drone Soccer, Future Race AI
• 🎮 GameDev-зона: киберспорт финалы, демоигры, воркшоптар
• 👩‍💻 AI Talent Hub, AstanaHubBattle, хакатондар, лекциялар мен митаптар

✨ Жаңа идеялармен бөлісіп, тәжірибе жинап, цифрлық болашаққа қадам жасадық!

Цифрландыру
Архив
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
19 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы» КММ

 

№ п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

1

Басқарма басшысы

Басқарушылық шешімдер қабылдау (қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет), Бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылау

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

2

Басқарманың  бас маманы - бухгалтер

Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жұмыстарды ұйымдастырады және орындайды. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады

Фактілер анықталған жоқ

орташа

 

Цифрландыру
Жобалық басқару
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
19 июля 2026
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпараты

«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Бұдан ары – Басқарма)  қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада №14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы Л.Ілебаевпен                             2026 жылғы «17» сәуірінде бекітілген 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін басшылыққа алды. 

       Басқарма  басшысының 2026 жылғы «31» наурыздағы «Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»        №_23-Н_ бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жүргізді.

       Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі қамтылды.

2026 жылдың 16  маусымда Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарландыру басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Сонымен қатар, басқарманың әлеуметтік желілерінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау           2026 жылғы 17 шілдесінде өтетіндігі туралы да хабарланды.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген тұжырым жасалынды.

         2026 жылдың 17 шілдесі күні жария талқылаудың нәтижесімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы топ құрамымен қорытынды жиын өткізіліп, талдамалық анықтамаға қол қойылды және бекітіледі.

Осыған сәйкес, 2026 жылдың 17 шілдесі күні талдамалық анықтамасына жария талқылау өткізілген деп есептеліп, басқарманың интернет ресурстарында жарияланды.  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы