
2GIS халықаралық компаниясы Тараз қаласында өзінің жобасын 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосады.
📱2GIS - бұл мобильді, web және жұмыс үстелі қосымшаларында бар қалалық ақпараттық қызмет. Ол ұйымның анықтамалары мен қаланың нақты картасын біріктіреді.
⚙️Осы кезеңде Тараз қаласы бойынша ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде (спорт және балалар алаңдары, саябақтар, көрнекті жерлер, демалыс және ойын-сауық орындары, киелі нысандар, қалалық көлік маршруттары, ұйымдар, үйлер және тағы басқалар).
🌍2GIS әлемнің 11 елінің 400 қаласында жұмыс істейді, аудиториясы 55 000 000 астам пайдаланушыны құрайды.
✔️Пайдаланушылар 2GIS-те қала туралы толық, дәл, нақты мәліметтерді тегін алады.
✔️«2GIS Тараз» франшизасын «EsConsulting» ЖШС компаниясы сатып алды.