Меню

Страницы

Статья

Жобалық басқаруды енгізу

Жобалық басқаруды жергілікті атқарушы органдардың қызметіне енгізу Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.

жобалық басқарудың заңнамалық негізі құрылды-Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және "Әкімшілік рәсімдер туралы"Заңға толықтырулар енгізілді;
Ұлттық экономика министрлігін жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган айқындады;
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (ҚР Үкіметінің 31.05.2021 жылғы №358 Қаулысы) және жобалық басқарудың үлгілік регламенті (Ұлттық экономика министрінің 8.06.2021 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген) бекітілді, оны бүгінде мемлекеттік органдар қолданады;
ұлттық жобаларды іске асыру, жедел мониторингілеу жобалық тәсілді пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады, бұл мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы қаулыда көзделеді;
барлық мемлекеттік органдарда жобалық кеңселер құрылып, жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес "адами капитал", "Кәсіпкерлік және индустрия", "мемлекеттік сектор", "инфрақұрылымды дамыту" және "агроөнеркәсіптік кешен"сияқты бес базалық бағыт бойынша өңірді дамыту Бағдарламасын іске асырудың бірыңғай жобалық архитектурасы айқындалды. Сондай - ақ, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған алтыншы-үлгілік базалық бағыт айқындалды.

Жобалық басқарудың тестілік ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-"EasyProject" АЖ) "Нұр-Отан"партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Республикалық және өңірлік Жол карталарының пункттері жүргізілді. Аудандық жол карталарын енгізу жұмыстары басталды.

Жамбыл облысының жобалық кеңсесі

Жамбыл облысының жобалық кеңсесі бүгінде келесі жұмыстарды атқарды.

Облыс әкімінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №224-ө өкімімен (№1 қосымшаға өзгеріс енгізілді, әкімнің 04.12.2020 ж. №314-ө өкімімен) "Жамбыл облысының Жобалық басқару және цифрландыру орталығы"КММ базасында мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу бойынша жобалық кеңсе құрылды.

Барлық деңгейдегі жобалық кеңселердің жұмысы "Еаѕу project" жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі, онда орындау үшін нақты міндеттері бар жобалардың архитектурасы құрылған.

Қазіргі уақытта жобалық басқару шеңберінде "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір!».

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
11 сентября 2025
Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін дамыту туралы ақпарат
Ақпарат
15 июля 2025
Ақпарат
13 февраля 2025
Архив

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы