Жамбыл облысының e-jambyl өңірлік геоақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Геопортал) 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленген.
Геопортал келесі модульдерден тұрады:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан жүргізілген сынақ нәтижесінде Геопортал ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша оң қорытынды алды (30.06.2023 жылғы №KZ41VQQ00081564 сынақтар актісі) және өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Геопорталда сәулет және қала құрылысы саласы бойынша – 6, жер қатынастары саласы бойынша – 8, барлығы 14 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды, оның екеуі бойынша (Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту, Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату) Геопорталда тікелей өтінім қабылданып, қызмет көрсетілді.
2023 жылы Геопортал алаңында «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» модулі енгізіліп, табиғи монополия субъектілерінің 6 саласы бойынша 17 қызмет түрі автоматтандырылды және өтінімдер қабылдануда. Қазіргі уақытта Геопорталда аталған 6 табиғи монополия субъектісінің қызметтері қолжетімді.
Геопортал алаңында жоғарыда аталғандай 6 табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері көрсетіледі:
Қосымша жобалар:
«Smart mine» - жер қойнауын пайдаланушыларға арналған геопорталда пилоттық цифрлық жоба асырылды, 2025 жылы наурыз, сәуір айларында есептерін тапсыру жұмыстары жүргізіліп, 164 жер қойнауын пайдаланушы есеп тапсырды.
Жобаның мәні Геопортал арқылы жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау процесін цифрландырылған автоматтандыру және жер қойнауын пайдаланушылардың есептерді тапсыру мүмкіндіктері болып табылады.
Геопортал қолданушылары сайлау учаскесін ЖСН арқылы анықтаудың онлайн-сервисі іске асырылды. Сайлаушы тізімде анықталмаған жағдайда Жамбыл облысының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі (Jambyl109), Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің call-орталықтарына хабарласа алады. Ақпарат Геопорталда орналастырылған.
Жамбыл облысында «Әулиеата жастары» жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2022 жылдан бастап өтінімдерді қабылдау Геопортал арқылы жүргізіліп, бұл процесс халық үшін қолжетімді әрі ыңғайлы болды.
Үш жыл ішінде бағдарлама аясында өңірдің жүздеген жасы өз баспанасына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
2022 жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 41 қатысушы баспанамен қамтылды.
2023 жылы қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 144 жас азамат өз пәтерлерін алды.
2024 жылы бағдарлама аясында тағы 138 қатысушы тұрғын үйге қол жеткізді.
2025 жылы бағдарлама өз жұмысын жалғастыруда: 1 млрд 250 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Өңір жастарына өтінім беріп, жеңілдетілген тұрғын үй алуға тағы да мүмкіндік ұсынылады.
Геопортал бірнеше мемлекеттік деректер қорларымен интеграция жасалынды:
Жамбыл облысының аналитикалық сервисі іске қосылды.
Бұл құрал платформада ұсынылған барлық қызмет салаларындағы ақпаратты, соның ішінде мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерді біріктіреді.
Дашборд көрсетілген қызметтер саны туралы талдамалық деректерді, мақұлдау және бас тарту статистикасын, интернетпен қамту, видеокамералар бойынша ақпарат, сондай-ақ басқа да негізгі көрсеткіштерді жедел алуға мүмкіндік береді.
Аналитикалық сервиске енгізілген: