ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ

Картограмманың негізгі мақсаты – Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыттарды анықтау, оларды бағалау және тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларын белгілеу.

Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасында 2026 жылғы 1 маусымнан 10 шілдеге дейін жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері негізінде әзірленді.

Картограмманы әзірлеу кезінде ішкі талдау барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі ескерілді.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Картограмма анықталған тәуекелдердің алдын алуға, оларды төмендетуге және тұрақты бақылауда ұстауға бағытталған.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ
Дата публикации
07 октября 2026