GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 210 ЖҰП БЕЙНЕЖЕТОН САТЫП АЛЫНДЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 210 ЖҰП БЕЙНЕЖЕТОН САТЫП АЛЫНДЫ
Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру бағытында Жамбыл облысында жаңа өзгерістер қолға алынуда.
Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына жергілікті әкімдіктің қолдауымен 210 жұп бейнежетон сатып алынды.
Заманауи құрылғылар жедел жәрдем бригадаларының жұмысын аудио-бейнежазбаға түсіруге мүмкіндік береді. Жазба шақырту орнына барған кезде және пациентті медициналық ұйымға жеткізу барысында жүргізіледі.
Бейнежетондарды енгізудің басты мақсаты - медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту, олардың құқықтарын қорғау және қызмет көрсету барысында туындауы мүмкін даулы жағдайлардың алдын алу. Сонымен қатар аудио-бейнежазбалар оқиғалардың мән-жайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күн сайын түрлі жағдайда, кейде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күрделі оқиғалар кезінде жұмыс істейді. Сондықтан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сапалы, әрі уақтылы медициналық көмек көрсетудің маңызды шарттарының бірі.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылған бұл қадам жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және медицина мамандары үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Медицина қызметкерінің қауіпсіздігі - халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігінің маңызды кепіл
15 октября 2026
Жедел қызметіне жаңа талаптар енгізілді
Жедел қызметіне жаңа талаптар енгізілді
2026 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына қатысты жаңа ережелер күшіне енді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, диспетчер бригаданы шақыртуға жібергеннен кейін пациентке немесе жедел жәрдем шақырған адамға автоматты хабарлама жолданады. Арнайы геосервистер арқылы жедел жәрдем көлігінің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Ал, емханалар жанындағы мобильді бригадалардың көліктері GPS-мониторинг жүйесімен жабдықталады.
Егер шақырту барысында медицина қызметкерлеріне тікелей қауіп төнсе, көмек көрсету полиция қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Ал бейнежетонға жазылған материалдар құқық бұзушылықтарды анықтауда дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Жаңа талаптар жедел жәрдем қызметінің жұмысын ашық етуге, пациенттерді ақпараттандыруға және ақ халаттылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
 
15 октября 2026
КҮЗГІ ТҰМАУ: ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!
КҮЗГІ ТҰМАУ: ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!
Күз келісімен тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) жиілей бастайды. Қазіргі уақытта көптеген адам мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауыруы, дене қызуының көтерілуі және әлсіздік сияқты белгілерге шағымдануда.
Тұмау – жай ғана суық тию емес. Ол әсіресе балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Тұмаудан қалай сақтануға болады?
✅ Тұмауға қарсы жыл сайын вакцина алыңыз.
✅ Қолыңызды жиі жуып, жеке гигиенаны сақтаңыз.
✅ Бөлмелерді жиі желдетіп тұрыңыз.
✅ Адам көп жиналатын орындарда сақтық шараларын ұстаныңыз.
✅ Дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтаңыз.
✅ Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, дәрігерге қаралыңыз.
Есте сақтаңыз!
Антибиотиктер вирустарға әсер етпейді. Дәрі-дәрмектерді өз бетіңізше қабылдамаңыз. Егер тыныс алу қиындаса, кеуде тұсы ауырса немесе жағдайыңыз күрт нашарласа, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз.
Денсаулық – баға жетпес байлық!Тұмаудың алдын алу – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың маңызды қадамы.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз!
15 октября 2026
Жамбыл облысында 9 айда 206 мыңнан астам бактериологиялық зерттеу жүргізілді
Жамбыл облысында 9 айда 206 мыңнан астам бактериологиялық зерттеу жүргізілді
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтау және ауруханалардағы тазалық талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
2026 жылдың алғашқы 9 айында өңірдегі бактериологиялық зертханаларда 206 816 зерттеу жасалып, оның 17 267-сінен оң нәтиже анықталған.
Зертханаларда ішек инфекцияларын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Есепті кезеңде сальмонеллезге 45 704, ал шигеллезге 19 707 зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде 69 адамнан сальмонелла бактериясының 82 түрі, 378 адамнан шигелла бактериясының 438 түрі анықталды. Сондай-ақ энтеритті анықтау үшін алынған 4 052 сынаманың 799-ынан оң нәтиже тіркелді.
Бұдан бөлек, қанның стерильділігін тексеруге арналған 1 680 зерттеудің 129-ынан бактериялар анықталған. Қақырықтың 13 522 сынамасының 6 460-ынан, ал зәрдің 14 714 сынамасының 2 673-інен түрлі микроорганизмдер табылған. Мұндай зерттеулер инфекция қоздырғыштарын анықтап, дәрігерлерге тиісті емді таңдауға көмектеседі.
Медициналық ұйымдардағы санитариялық талаптардың сақталуы да бақылауда. 9 айда осы бағытта 37 107 зерттеу жүргізіліп, 132 жағдайда талаптарға сәйкессіздік анықталған. Оның ішінде 117 жағдай медициналық ұйымдардағы түрлі беттерден алынған сынамаларға, 15 жағдай ғимарат ішіндегі ауа сынамаларына қатысты. Ал медициналық құралдардың, тігіс және таңғыш материалдардың, операциялық алаң мен хирургтердің қолдарының тазалығын тексерген 9 627 зерттеуде ешқандай сәйкессіздік анықталмаған.
Сонымен қатар зертханаларда бактериялардың дәрілерге сезімталдығын анықтау үшін 17 016 тест жүргізілді. Бұл дәрігерлерге инфекцияға қарсы қандай препараттың тиімді екенін таңдауға мүмкіндік береді.
Жалпы, бактериологиялық зерттеулер жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтауға, емдеуді дұрыс ұйымдастыруға және медициналық ұйымдарда санитариялық талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған.
15 октября 2026
Бас дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырады
Бас дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырады
Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлері тұмауға қарсы вакцинаны өздеріне салдырып, басқаларға оны жасатуға шақырады. Бұл - әркімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және жұқпалы аурулардың алдын алудың маңызды үлгісі.
Вакцинация - тұмаудан және оның асқынуларынан қорғанудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Тұмауға қарсы екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды маусымдық инфекциялардан қорғауға үлес қосыңыз.
15 октября 2026
Медициналық көмектің қолжетімділігі қаралды
Медициналық көмектің қолжетімділігі қаралды
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек шалғай аумақтардағы медициналық көмектің ұйымдастырылу барысын көріп, бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысты.
Аралау барысында Қоңыртөбе медициналық пункті, Шайқорық дәрігерлік амбулаториясы, Ш.Ниязбеков атындағы фельдшерлік-акушерлік пункті және Шөлдала аумағындағы медициналық нысандардың жұмысы қаралды. Негізгі назар тұрғындардың медициналық ұйымдарға тіркелуі, қызмет көрсету аумақтарын нақтылау және шалғай елді мекендерге медициналық көмекті тиімді ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.
Аталған жұмыстар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №95 бұйрығына сәйкес басқарма жанынан құрылған комиссияның жұмысы аясында жүргізілуде. Комиссияның алғашқы кезеңі аяқталып, қазіргі таңда қызмет көрсету аумақтарын нақтылау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бұдан бөлек, шалғай аумақтарға жедел медициналық көмектің уақытылы жетуін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Осы бағытта қалада төртінші жедел жәрдем қосалқы станциясын ашу мүмкіндігі зерделеніп, оған қолайлы орын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Жасалынып жатқан жұмыстардың мақсаты – медициналық қызмет көрсетуді аумақтың ерекшелігі мен тұрғындардың қажеттілігіне қарай ұйымдастырып, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру.
 
15 октября 2026
Инфекциялық бақылау бойынша мамандар даярлануда
Инфекциялық бақылау бойынша мамандар даярлануда
Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылауды күшейту бағытында медицина мамандарының біліктілігін арттыру курсы өтуде.
Жамбыл облыстық онкология және хирургия орталығында ұйымдастырылған оқытуға перинаталдық орталық пен Мойынқұм аудандық орталығының басшылық құрам өкілдері, бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, госпитальдық эпидемиологтар және инфекциялық бақылау медбикелері қатысуда.
Курсты Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің маманы Эльвира Ибрагимова жүргізуде. Оқу барысында аурухана деңгейіндегі инфекциялық бақылаудың негізгі компоненттері, қан ағымы мен зәр шығару жолдары инфекцияларының, операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу, госпитальдық штамдарды анықтау, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар және инфекциялық бақылау құжаттамасын жүргізу мәселелері қамтылуда.
Нәтижесінде 31 маман арнайы оқудан өтіп, сертификат алады. Алдағы уақытта олар әріптестеріне инфекциялық бақылау талаптарын енгізу бойынша практикалық көмек көрсетіп, тәжірибесімен бөлісетін жаттықтырушы мамандар ретінде жұмыс жүргізетін болады.
08 октября 2026
Таразда трансфузиология саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу өтуде

Таразда трансфузиология саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу өтуде

Тараз қаласында Жамбыл облыстық қан орталығы ұйымдастырған «Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, трансфузиологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен конференция өз жұмысын бастады.

Конференцияға қатысушыларға Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек құттықтау сөз сөйлеп, трансфузиология саласындағы кәсіби тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

– Қан қызметі – ең алдымен пациенттің қауіпсіздігі мен дер кезінде көрсетілетін медициналық көмектің кепілі. Бүгінде облыстық қан орталығы өңірдегі 26 медициналық ұйымды қан компоненттерімен қамтамасыз етеді. Бірінші жартыжылдықта 9 мыңнан астам трансфузия жүргізіліп, 2 200-ден астам пациентке көмек көрсетілді. Бүгінгі конференция тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа практикалық шешімдер табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді С. Назарбек.

Конференция барысында Қан қызметі ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының референс-зертханасының басшысы Динара Садвакасова және Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының медицина ғылымдарының докторы, профессоры Сергей Мадзаев баяндама жасады.

Жамбыл облыстық қан орталығының жұмыс тәжірибесімен конференция қатысушыларын орталық директоры Гулам Умаров таныстырды.

Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресейдің трансфузиология саласындағы жетекші мамандары қатысуда. Спикерлер қатарында «Гемонетикс» МПАК дәрігер-трансфузиологы Наталья Маслова, Санкт-Петербург қаласындағы қан құю бөлімінің меңгерушісі Елизавета Ким, сондай-ақ Астана, Санкт-Петербург қалалары мен Жамбыл облысының қан қызметі мамандары, трансфузиологтар, реаниматологтар және иммуногематологтар бар.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы екі секцияда жалғасады.

08 октября 2026
Басқарма басшысы Көлтоғандағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді
Басқарма басшысы Көлтоғандағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді
Жуалы ауданындағы шалғай елді мекен тұрғындарына заманауи диагностикалық қызметті қолжетімді ету мақсатында жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралауда. Кешеннің келесі аялдамасы – Көлтоған ауылы.
Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Көлтоған дәрігерлік амбулаториясына арнайы барып, тұрғындарды қабылдауға дайындық барысымен танысты.
Жұмыс барысында амбулаториядағы медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, профилактикалық шаралардың жүргізілуі және медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы қаралды.
Басқарма басшысы вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізу, жүкті әйелдерді аудан аумағында босандыруға алдын ала дайындау, сондай-ақ тұмаудың алдын алу үшін «Гриппол» вакцинасының жеткілікті қорын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін (УПМП)тиімді іске асыруға, отбасылармен әлеуметтік жұмысты күшейтуге назар аударылды.
Сапар барысында медицина қызметкерлеріне тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, профилактикаға басымдық беру жөнінде тиісті міндеттер қойылды.
08 октября 2026
Басқарма басшысы Қызтоғандағы медициналық пункттің жағдайымен танысты
Басқарма басшысы Қызтоғандағы медициналық пункттің жағдайымен танысты
Жұмыс сапары барысында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қызтоған ауылына барып, медициналық пункттің қазіргі жағдайын көрді.
Бүгінде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған нысанның ғимараты ескірген. Осыған байланысты Қызтоғандағы медициналық көмектің материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
Өңірдің перспективалық жоспарына сәйкес, 2027 жылы ауылда жаңа медициналық пункт салу жоспарланған. Сапар барысында басқарма басшысы жаңа нысан бой көтеретін жер учаскесін көріп, оның орналасу аумағымен танысты.
Қазіргі таңда медициналық пункт Қызтоғандағы 106 тұрғынға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді.
Жаңа ғимараттың салынуы ауыл тұрғындарына медициналық қызметті неғұрлым қолайлы жағдайда алуға мүмкіндік беріп, ауылдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсартуға жол ашады.
Ауылдағы медициналық нысандарды жаңарту – тұрғындарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды бөлігі. Қызтоғандағы жаңа медициналық пункт те осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы болмақ.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы