Меню

Страницы

Статья

«Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы»

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бақылау кеңесі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.

Конкурстың өтетін орны: Тараз қаласы, Бейбітшілік көшесі, 153.

Тел: 8 (7262) 45-88-88 «А» корпусы № 9 кабинет. 

Кәсіпорынның орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Бейбітшілік көшесі, 153. Тел: 8 (7262) 45-88-88 электрондық пошта: odib12@mail.ru

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Жамбыл облысы аумағында жұқпалы аурумен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, сонымен қатар олардың сапасын үнемі арттыру арқылы заманауи диагностикалық және емдеу әдістерімен стационарлық және стационарлық алмастыратын медициналық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сондай-ақ келесі біліктілік талаптарына сәйкестік:

«Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтауды басқару» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсын бітіргені туралы сертификат және (немесе) тиісті мамандық немесе одан жоғары біліктілік сертификаты «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, менеджмент және құқық» оқыту бағыты бойынша білім немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» оқыту бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, денсаулық сақтау менеджерінің сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

       1) конкурсқа қатысуға өтінім;

       2) еркін нысандағы өмірбаян;

       3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       4) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжат;

       5) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       6) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған Кәсіпорынға құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде құжаттарды тапсырады.

       Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

        Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныстар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні – кәсіпорынның бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күн. 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

Құжаттар Тараз қаласы, Бейбітшілік көшесі, 153 корпус «А» №9 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
"Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
02 июня 2026
"Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
06 мая 2026
Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы