Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Шу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі-конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетің күні мен орны; Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №78үй,331 кабинет.
КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: 081100, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Алтынсарин бұрылысы, 1 үй, тел. 87263833564, эл.пошта shucrb74@mail.ru
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ.
тұрғындарға дәрігерге дейінгі көмек, амбулаториялық-емханалық және стационарлық жағдайларда тәулік бойы, медициналық көрсеткіштер бойынша профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтитын білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
КОНКУРС МҮШЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР; жоғары білімі,сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс;
1)денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және
(немесе )экономика/қаржы және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжіребесі болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және
(немесе )экономика/қаржы және (немесе) құқық саласында басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжіребесі болуы;
3) ) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған.
2)занды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3)бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4)байқау кенесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кенесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттарды ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне,жұмыс тәжірибесіне,кәсіптік денгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін артыру,ғылыми дәрежелер мен атақтар беру,ғылыми жарияланымдар,алдынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді.
Бұл конвертте қатысушының тегі,аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн; 26қазан 2021 жыл
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс;
Тараз қаласы Желтоқсан көшесі , №78 үй, 331 кабинет.
КОНКУРСТЫҢ ӨТКІЗУ КҮНІ: конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысушылар, қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтежелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.