«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) Байқау кеңесі Кәсіпорынның Директоры (1 бірлік) бос лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі,20, тел. 8 (726)45-37-16, med.col.priem@zhambyl.kz
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Фармация», «Зертханалық диагностика», «Мейіргер ісі» және «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде орта арнайы кәсіптік білім беру, сонымен қатар орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін түрде жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама»;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған,Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде электрондық пошта мекенжайына med.col.priem@zhambyl.kz құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстың өтетін күні: Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады. 2025 жылдың 12-26 наурыз аралығында құжаттар қабылданады.
Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі, 20, кабинет №106, тел. 8 (726) 45-37-16, med.col.priem@zhambyl.kz
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.