Меню

Страницы

Статья

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы»

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі  конкурсты ( бұдан әрі – конкурс) жариялайды.   

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331 кабинет.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылы, Есептік квартал 077, 251 ғимарат.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: медициналық оңалту.

Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

  1. Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді ұсынады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;

2) Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн: 22.06.2023 ж.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331 кабинет.

Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар кандидаттың сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 сентября 2026
"Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
02 июня 2026
"Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологиялық анатомия бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
06 мая 2026
Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы