Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің Ережесі
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі - басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Жамбыл облысы әкімдігінің және әкімінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ басқарма туралы және осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен облыс әкімі бекітеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің ЕрежесіДата публикации
12 ноября 2020