Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету ішкі бақылау жұмыстары

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бекітілген жоспарға сәйкес ішкі бақылау жұмыстарын жүргізуге жауапты қызметкерлері 2024 жылғы бірінші жартыжылдығында 1 мемлекеттік (Жамбыл жоғары медициналық колледж) және 2 жеке (Жансая емханасы және «Студент» мединалық орталығы) медициналық ұйым қамтылды. Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 455 бұзушылық анықталып, 16 ұсыныс әзірленді. Оның ішінде 16 орындалды.

2024 жылғы бірінші жартыжылдығында анықталған бұзушылықтардың ішінде: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың басқа да талаптарын бұзудың 455 фактісі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер қағидаларында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері тіркелген жоқ.

Дата публикации
24 июня 2024