Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің ережесі

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімі (әрі қарай Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі бекітеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің ережесі
Дата публикации
27 февраля 2020