1.1. Жұмылдыру дайындығы (Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар) және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жамбыл облысының әкімі бекітеді.