Еліміздің 6 өңірінде жабық тамыр жүйесі бар екпе материалды өсіру бойынша ағаш тұқымы кешенін салу жоспарланғанМемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 30,9 млн га құрайды, соның ішінде орманмен көмкерілгені – 13,7 млн га Қазақстан орманды елдердің қатарына жатпайды және орманмен қамтылу деңгейі 5%-ды құрайды. Президент өз Жолдауында ормандарды қалпына келтіру экологиялық теңгерімді сақтаудың және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші маңызы бар екенін атап өтті. Осы мәселеге ерекше назар аударылуда. Президент 2020 - жылы мемлекеттік орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу және елдімекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырма берді. Оның орындалуы жайлы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде айтты.Қабылданған кешенді жоспарларға сәйкес, 1,5 млрд астам ағашты және ағаш көшеттерін жергілікті атқарушы органдар отырғызады, 251 млн ағашты министрліктің ұйымдары, сондай-ақ 210 млн ағашты табиғат пайдаланушылар мен басқа да бастамашыл топтар отырғызады.
Дата публикации
12 сентября 2024