Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасындағы ең көне музейлерінің бірі болып табылады. Алғаш рет мұражай 1931 жылы 25 тамызда бұрынғы Әулиеата қаласында, бүгінгі Тараз шаһарында тарихи жәдігерлер жинақталған мұражай ретінде ашылып, 1940 жылдары облыстық мұражай болып қайта құрылған. Ал, 1970 жылдары Бүкілодақтық туристтік маршрутқа қосылып, 1977 жылдан бастап шетелдік туристтер қабылдай бастайды. Аталмыш кезеңде музейдің экспозициялық ауданы небәрі 328,5 шаршы метрді құраған.
Музей ашылған алғашқы жылдарда құнды жәдігерлер болып археологиялық олжалар есептелген. Музейді қайта құру тұңғыш ғылыми жоспарын сол кездегі музейдің ғылыми қызметкері, белгілі ғалым, өнертану ғылымдарының докторы Л.И.Ремпель жасаған. Біздің рухани байлығымыз тарихымызды айғақтайтын жәдігерлеріміз әлем елдеріне ашық көрсетіле бастады. Байтақ өлкеміздің мәдени мұраларын қорғау, зерттеу, насихаттау, баянды дәстүрін таныстыру, көнені көздің қарашығындай сақтау және қазіргі құндылықтарды қастерлеу арқылы көне түркі тайпаларының төл мәдениетін әлемге танымал ету міндеті жүктелген.
Музей экспозицияларының жасақталуы мен қорының толығуына П.Косивцев, Л.И.Ремпель, К.Байбосынов, Ж.Қазиева, А.Попов, Г.И.Пацевич және т.б. зерттеуші-ғалымдардың баға жетпес еңбектері болды .
Мекен жайы: Тараз қаласы. Төле би 18/5.
Тел: 8 778 370 09 17
Instagram:jambyl_muzei - https://www.instagram.com/jambyl_museum/#
Facebook:Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі - https://www.facebook.com/profile.php?id=100015795393633&mibextid=7cd5pb
Telegram:Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі - https://t.me/zhambylmuzei
TikTok: jambyl_muzei - https://www.tiktok.com/@zhambylmuzei
YouTube: @ZhambylMuzei - https://www.youtube.com/channel/UCyJtCgBRbAxUxrHM61oq7uQ