«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын

ұйымдастыру және өткізу

ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
  2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер (ересектер) арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
  3. Байқаудың міндеті – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Байқауды ұйымдастырушы – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).
  2. Байқау 2025 жылғы 26 тамызда Тараз қаласында мемлекеттік тілде өтеді.
  3. Байқауды өткізу туралы хабарландыру байқау басталғанға дейін 1 ай бұрын Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады және мемлекеттік органдарға хат жолданады.
  4. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер қатысады.
  5. Облыстық кезеңге қатысуға өтінім тіл саласына жауапты құзыретті органның бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.
  6. Байқау 4 кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең. «Таныстыру». Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз тақырыбында таныстыру әзірлейді (бейнетаныстыру немесе сахыналық қойылым берілетін уақыт – 5 минут).

2) Екінші кезең. «Сөздің көркі». Оқу, білім, өнер, мәдениет тақырыптарындағы мақал-мәтелдер айтудан сайыс. Үміткер ұсынылған мақалды жалғастыруы керек (берілетін уақыт – 2 минут).

3) Үшінші кезең. «Ой ұшқыны». Берілген тақырыпта ой толғау. (берілетін уақыт – 3 минут).

4) Төртінші кезең. «Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап». Берілген сұрақтарға жауап беру. Әр үміткер 15 сұраққа жылдам жауап беруі керек (берілетін уақыт –
1 минут).

  1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды.

Қазылар алқасының құрамына үш адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді.

Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

  1. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынандай талаптарды басшылыққа алады:

1) мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі;

2) жауаптың нақтылығы мен мазмұндылығы, дәйектілігі;

3) тіл мәдениетінің деңгейі;

4) кәсіби қызметтегі білік, дағды және білім деңгейі.

  1. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

 

  1. Байқауға қатысу туралы өтінімді 2025 жылғы 18 тамызға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына (Документолог) осы Ережеге қосымша берілген нысанға сәйкес жолдау қажет. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қаралмайды.

 

  1. Байқау қорытындысы туралы

 

  1. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Басқарма бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
  2. Қатысушының іссапар шығындары жіберуші тарапынан өтеледі.
  3. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткен күні Басқарманың интернет-ресурсына, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.

Байланыс телефондары:  8 775 146 84 58,  8 707 794 0055.

Дата публикации
24 июля 2025