2024 жылы ішкі талдау нәтижесімен анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша төмендегідей ұсынымдар әзірленген:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2015 жылғы № 411 және 29.06.2016 жылғы №189 бұйрықтарымен бекітілген Мемлекеттік архив, мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарының талаптарының тестілеу кезеңін электрондық форматқа ауыстыру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныс жолдау.
- ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 жылғы «Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» №77 бұйрығына «Қазақстан Республикасы алдында еңбегі бар аса көрнекті тұлғаға және қайтыс болған күнінен бастап кемінде «бес жыл» өткеннен кейін орнатылады» деген талаптар енгізу туралы ұсыным беру (ұрпақтарының ата-бабаларына тұрған үйіне мемориалдық тақтаны белгілі бір критерийге сәйкес орнату мақсатында).
- 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2021 жылғы №122 бұйрығының 4 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, өнім беруші операторға тиісті мәліметтерді қамтитын оқу бағдарламасының арнайы үлгілік нысанын бекіту туралы ұсыным беру.
- 2) «Ұлттық білім беру дерекқоры» мәліметтерінде балабақшаға тіркелген балалар мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде қызмет көрсетіп отырған өнім берушілерден ваучер алған. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2021 жылғы №122 бұйрығының 10-тармағының төртінші бөліміне білім беру ұйымдарының «балабақша», «бөбекжай» түрлерін қосу туралы ұсыным беру.
- 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2021 жылғы № 122 бұйрығының 4 тармағына өзгерістер енгізу туралы ұсыным беру (операторға өнім беруші тікелей келіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату қаупі бар).
- 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 28.04.2021 жылғы № 122 бұйрығының 2 тармағы 1) тармақшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыным беру (Жарияланған мораторийге сәйкес операторларға кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салынғандықтан, олар өнім берушілер тарапынан жол берілген мемлекеттік шығармашылық тапсырыс саласындағы заң бұзушылық фактілеріне қатысты әрекет жасай алмауына байланысты Заң бұзушылық фактілерін тексеруге құзырлы органдардың өкілдерімен бірлескен жұмысшы тобын құрып, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша өтінімдерді мақұлдау алдында үйірме өтетін орынның (ғимарат, МТБ) НҚА талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беру).
- Басқармаға қарасты мекеме басшыларынан азаматтық қызметшілердің 2023 жылға № 270.00 нысандағы бастапқы және кезекті декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруын талап ету.
- Басқармаға қарасты мекеме басшыларынан азаматтық қызметшілерді жұмысқа қабылдау барысында кәсіби біліктілік талаптарының қатаң түрде сақталуын талап ету.