Жамбыл облысы тұрғындары арасында тілдік ахуалды анықтауға байланысты зерттеу

Жамбыл облысы тұрғындары арасында тілдік ахуалды анықтауға байланысты зерттеу 

 

Зерттеудің мақсаты, міндеттері және географиясы

 

Зерттеудің мақсаты – облыстағы тілдік ахуалды, тұрғындардың тілді меңгеру деңгейі мен мемлекеттік саясаттың іске асырылуын зерделеу. Жамбыл облысындағы тілдік ахуалды жетілдіру бойынша оң көзқарастардың қалыптасуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Жамбыл облысындағы тілдік ахуалдың жай-күйін және этносаралық қатынастарды анықтау;
  2. Жастардың мемлекеттік тілмен қатар басқа да шет тілдері меңгеру деңгейін анықтау;
  3. Тұрғындардың теледидар, газет, әлеуметтік желілерді көргенде, пайдаланғанда қай тілді қолданатынын анықтау;
  4. Көшедегі жарнамалар мен ілініп тұрған банерлердің қаншалықты қатесіз жазылатынын анықтау;
  5. Тілдік деңгейде қысым көру мәселесін анықтау.

Техникалық параметрі

Зерттеу объектісі – 18 жас және одан жоғары жастағы Жамбыл облысының тұрғындары.

Зерттеу пәні – азаматтардың тілдік қатынастар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігінің дәрежесін бағалау. Облыс азаматтарының мемлекеттік және басқа тілдерде сөйлесу және оған көзқарастарын зерттеу.

Зерттеу аумағы: Жамбыл облысы (10 аудан және Тараз қаласы).

Сауалнама алынатын респонденттердің іріктелуі: 3050 (талап етілген іріктеу саны 3000).

Іріктеу

 

Сауалнама алынған респонденттер

Ер адам

Әйел адам

Жоспар

3000

1595

1405

Нақты

3000

1595 (53,17%)

1405 (46,83%)

 

 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Жамбыл облысының (Тараз, Шу қалалары мен 10 аудан) тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнаманың басты мақсаты облыстағы тілдік ахуалды анықтау.

Сауалнамаға әртүрлі әлеуметтік-кәсіби топқа жататын азаматтардың қатысуы жіті қадағаланды. Мемлекеттік басқару орган қызметкерлері (7,93%), денсаулық сақтау (8,98%), ғылым, мәдениет, білім және әлеуметтік сала қызметкерлері (11,71%), кәсіпкерлер (9,80%), әскери қызметкерлер, полиция қазметкерлері, сот, прокуратура, қауіпсіздік органдары қызметкерлері (5,74%) шаруа қожалығының, кәсіпорын басшылары (10,26%), зейнеткерлер (4,87%), студенттер (6,35%), жұмыссыздар мен үй шаруасындағылар (2,70%) т.б. қатысып, өз ойларын білдірді.

Сауалнама шынайы және жауап берушілердің ұсыныстары мен пікірлері негізінде сарапталды.

Жамбыл облысы бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеу барысында сауалнама нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштер анықталды.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 83,89%-і қазақ тілін, 10,16%-і орыс тілін, 5,95%-і басқа тілді ана тілім деп көрсеткен.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері бойынша жүргізілген сауалға:

  • 65,41%-і – еркін сөйлеп, мемлекеттік тілде оқып, жаза алады;
  • 13,28%-і – қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ жаза алмайды;
  • 12,05%-і – ауызекі тілде сөйлеу деңгейінде біледі;
  • 4,0%-і – тек «қиындықпен» сөйлейді;
  • 1,43%-і – сөздерді түсінеді, бірақ сөйлесе алмайды;
  • 1,29%-і – қазақ тілінде мүлдем сөйлесе алмайды;
  • 1,27%-і – жиі қолданылатын кейбір сөз тіркестерін ғана біледі.

Нәтижесінде облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,74%-ті құрап отыр. Бұл көрсеткіш: еркін сөйлеп, мемлекеттік тілде оқып, жаза алатындар – 65,41%, қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ жаза алмайтындар – 13,28%, ауызекі тілде сөйлеу деңгейінде білетіндер – 12,05%, тек «қиындықпен» сөйлейтіндер - 4,0% көрсеткіштердің қорытындысы.

Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,78%;

Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 32,78%,

Үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі – 33,4%;

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген  этнос өкілдерінің үлесі – 77,5%.

         

 

 

Дата публикации
05 января 2025