ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және оған қарасты мекемелер 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2023 жылдың 12 айында басқармаға қарасты 24598 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
электронды түрде – 21266 қызмет
қағаз түрінде – 2990 қызмет
мемлекеттік корпорация арқылы – 342 қызмет
Есепті кезеңде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жоспарларға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді ( 2 ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтылды).
Іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылық анықталмады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактілері тіркелген жоқ.
2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті, ҚР Мәдениет және ақпарат минитсрлігінің, архив, құжаттама және кітап ісі комитетінен 2 қызметкер өтті.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 30391халықты қамтылған 187 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер,).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.