Жамбыл облысы әкімідігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы 2023 жылдың III тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және оған қарасты мекемелер 4 мемлекеттік  қызмет көрсетеді.

2023  жылдың III тоқсанында басқармаға қарасты 6625 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде:

электронды түрде           –    5691 қызмет  

қағаз түрінде                     –   883 қызмет

мемлекеттік корпорация арқылы –   51 қызмет

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау жұмысын жүргізіп,
 1 ведомстволық бағынысты мекеме қамтылды (1 нысан).

Бақылау іс-шаралары Жамбыл облысы әкімдігінің бас инспекторының қатысуымен жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тарту фактісі анықталмаған.

2023 жылдың III тоқсанында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген       қызметтердің фактісі орын алған жоқ.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында 2023 жылдың III тоқсанында  49 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер), шарада  10127  адам қамтылды.

 

Дата публикации
09 октября 2023