Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы 2022 жылдың қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және оған қарасты мекемелер 4 мемлекеттік  қызмет көрсетеді.

2022 жылы басқармаға қарасты 12 мемлекеттік архив 20703 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Оның ішінде:

электронды түрде           –    12520 қызмет  

қағаз түрінде                     –   6829 қызмет

мемлекеттік корпорация–   1354 қызмет

Осы мерзімде мемлекеттік қызмет берушілері көрстеуден  бас тарту фактісі анықталмаған. 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген       қызметтердің фактісі орын алған жоқ.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында 2022 жылы 118 түсіндірме іс-шаралар жүргізді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау), шарада  33457  адам қамтылды.     

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

 

Есепті мерзімде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 1 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың  фактісі анықталмаған.

2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағымдану фактісі орын алмаған.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы 2022 жылдың қысқаша есебі
Дата публикации
10 января 2023