«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны
Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығы – өңірдегі халықтық және әуесқой өнерді дамытуға, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға бағытталған жетекші мәдени мекеме.
Орталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығына сәйкес құрылып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 қазанда №12224 болып мемлекеттік тіркеуден өткен.
Орталықтың негізгі қызметі – халық шығармашылығының барлық жанрлары бойынша мәдени-шығармашылық үдерістерді үйлестіру, әуесқой өнер ұжымдарының кәсіби деңгейін арттыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығы КМҚК-ға 9 аудандық және 1 қалалық мәдениет үйі қарасты. Аталған мекемелер арқылы облыс көлемінде мәдени-көпшілік іс-шаралар, фестивальдер, байқаулар, көрмелер, шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинарлар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Орталық халық театры, дәстүрлі ән-күй, фольклор, айтыс, жыр-терме, хореография, қолөнер және балалар шығармашылығы бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушыларға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры – Садырбаев Ғани Қадірсізұлы.
Бүгінгі таңда орталық дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, заманауи форматтағы мәдени жобаларды жүзеге асырып, өңірдің рухани-мәдени әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосып келеді.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 53 «А»
Байланыс телефоны: 54-67-30
Instagram: https://www.instagram.com/zhambyl_ohsho
Facebook: https://www.facebook.com/share/18BoBNE7J9
TikTok: https://www.tiktok.com/@zhambyl_ohsho08
Telegram: https://t.me/zhambyl_ohsho
YouTube: https://youtube.com/@zhambyl_ocnt
«Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы – ұлттық мәдени мұраны, Жамбыл облысы аумағындағы жылдар бойы қалыптасқан әдебиет, тарих, этнография, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар және ақын жыраулардың еңбектерін жүйелі түрде зерделеу функцияларын жүзеге асыру, жинақтап ел игілігіне ұсыну мақсатында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме.
Құрылған жылы - Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі №187 қаулысмен құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20-ақпандағы №70 және Жамбыл облысы әкімдігінің 10.03.2020 жылғы №49 қаулылары негізінде мекемеге Шерхан Мұртазаның есімі берілді.
Мекеменің негізгі қызметі - облыс жұртшылығының рухани қажеттілігін өтеу. Рухани мұраны жинақтап, халық игілігіне ұсыну.
Мекеменің негізгі қызметін атқаратын «Шерхантану», «Тарихтану» және «Дәстүр мен өнер» бөлімдері бар.
«Тарихтану» бөлімі – Жамбыл облысы өңіріндегі ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі өткен тарихты оны архив құжаттары және тарихи жазба дерек көздері арқылы зерттеп, зерделеп, нақты фактілерді жинақтаумен айналысады. Сонымен қатар, оған біріктірілген археология-этнология саласы бойынша да өңіріміздегі ежелгі, ортағасырлық және кейінгі кезеңдердегі тарихи мұраларымызға археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Заттай құнды мұралармен дәлелдей отырып, оларды бір орталыққа жинайды.
«Шерхантану» бөлімі - ұлттық рухты көтерер мәдени мұраны, әдебиетті, аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды және ақын-жыраулардың еңбектерін, өңір этнографиясын жүйелі түрде жинақтайды. Оны зерттей отырып, ақын, жазушы, айтыскер, сазгер, тарихшы және өлкетанушылардың еңбектерінен алтын қор қалыптастыруды жүзеге асырады. Бұл бөлімден Шерхантану шығармашылық зерттеу бөлмелері бар.
«Дәстүр және өнер» бөлімі – халқымыздың жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар мен музыка өнері, халық ауыз әдебиеті сияқты ұлттық құндылықтардың тарихи және тәрбиелік мәнін сақтай отырып, тұрмыста қолданысқа енгізу мақсатында құрылған бөлім.
Бөлімнің негізгі қызметі – ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы идеология жұмыстарына қолдау жасай отырып, халықтың рухани қажеттілігін өтеу. Рухани мұраны жинақтап, халық игілігіне ұсыну.
Мекемеде шағармашылық бағыттағы негізгі 14 маман мекеменің жұмысын үйлестіреді. Штат саны – 28.
«Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы 2024 жылдың 13 ақпан №27 облыс әкімінің қолдауымен ашылды. Айта кетерлігі, мұндай орталық еліміздің өңірлері арасында алғаш болып Жамбыл облысында құрылды.
Ақындардың, жыршы-термешілердің жырлары арқылы қоғамға өлке тарихын, табиғатының қадір-қасиетін ұғындыру, айтыс, терме, жыр өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету, талантты, дарынды жас ақындардың, жас жыраулар мен термешілердің шеберлігінің шыңдала түсуіне, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ айтыс, терме, жыр өнері арқылы шешендік қасиет дарыған, сөзге тоқтайтын, ойын айшықты жеткізе алатын тұлғалар қалыптастырады.
Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп оқушыларына арналған «Ақберен» айтыс және «Қаратау» жыр-терме үйірмесі жұмысын бастады. Үйірме ақысыз (тегін) жүргізіледі. Екі үйірмеге де білікті мамандар дәріс береді. Баланың жас ерекшелгіне қарай домбыраның түрілері, оқу құралдары және бір оқушылық партада жасақталған.
Мекеменің мекенжайы: Тараз қаласы Көшек батыр1
Instagram: jambyl_akyndari https://www.instagram.com/jambyl_akyndari?igsh=MWUybTA0Ym13Mjl6Yw==
Facebook: jambylakyndari https://www.facebook.com/share/1EPDAEcX7W/?mibextid=wwXIfr
TikTok: jambylakyndari https://www.tiktok.com/@jambylakyndari?_r=1&_t=ZM-93CUjbHCfPs
«Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тілдерді оқыту орталығы» КММ 2006 жылғы 28 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімиятының №267 қаулысына сәйкес құрылған. Орталық заңды тұлға мәртебесіне ие және өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан маңызды мекемелердің бірі болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері – мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді заманауи оқыту технологиялары негізінде үйрету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін өзге этнос өкілдеріне меңгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруға үлес қосу. Бұл міндеттерді орындау барысында орталық әдістемелік жаңашылдықтарға, практикалық нәтижеге және тыңдаушылардың тілдік қажеттіліктеріне ерекше мән береді.
Бүгінгі таңда орталық Тараз қаласында және облыстың 8 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу) өз бөлімшелері арқылы қызмет көрсетеді. Жалпы штаттық құрылымда 43 білікті маман жұмыс атқарады. Мекеме құрылымы 5 негізгі бөлімнен тұрады:
- Әкімшілік және қаржы бөлімі;
-Тілдерді оқыту бөлімі;
- Латыннегізді және KAZTEST бөлімі;
- Ғылыми-әдістемелік бөлім;
-Ақпараттық-ұйымдастыру бөлімі.
2014 жылдан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда, қазақ тілі курстарынан 40 928 тыңдаушы білім алды. Оның ішінде 85,2% (34 850 адам) өзге этнос өкілдерін құрайды. Сонымен қатар, орыс тілі курстарынан 2 977 адам, ал ағылшын тілі курстарынан 11 167 адам өтті. Бұл көрсеткіштер орталық қызметінің ауқымын және өңір тұрғындары арасындағы тіл үйренуге деген сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетеді.
Байланыс телефоны: 43-88-71, 8 708 753 44 28
Орталықтың мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы 35, 6-қабат
Электронды пошта: til.zhambyl25@mail.ru
Facebook: Тілдерді оқыту орталығы
https://www.facebook.com/zh.tilderdiokytuortalygy?mibextid=wwXIfr&mibextid=wwXIfr
Youtube: Тілдерді оқыту орталығы
https://youtube.com/@jambyltoo?si=BSC9gk1ck6ZxrQCK
Instagram: til.taraz
https://www.instagram.com/til.taraz?igsh=dHV5NWQ0Y2w3bmJx
Tiktok: https://www.tiktok.com/@til.taraz?_r=1&_t=ZM-93CTK40jCPs