Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2004 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысы әкімінің №40 қаулысымен құрылды.

Мекеменің мақсаты мен міндеті: Жамбыл облысында орналасқан тарих-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алу, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу жұмыстарын жүргізеді.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарында тарих және мәдениет ескерткішінің атауын, хронологиясын, ескерткіштің тарихи маңыздылығын қысқаша сипаттау, ескерткіштің санатын қамтитын қорғау тақтасын орнатады.

Облыс көлемінде монументті өнер құрылыстарын, мемориалдық тақта орнату жұмыстарын жүргізеді.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді және тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі.

Қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және береді, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушылардың оларды орындауын бақылайды.

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi.

Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға (аудан әкімдіктеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мекеме Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдығы «Жер кодексі» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 79 бұйрығы, 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 86 бұйрығы, 2020 жылғы 15 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын бекіту туралы» № 92 бұйрықтарымен жүзеге асырады.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығы негізінде «Мәдениет ұйымдарының үлгілік шаттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде 4 бөлімнен тұрады:

  1. «Археология және қала құрылысы ескерткіштерін қорғау» бөлімі
  2. «Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және қалпына келтіру» бөлімі
  3. «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі
  4. «Әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету» бөлімі

Байланыс телефоны: 51-33-42

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 18/6

Электронды почта: direkcia04@mail.ru

Instagram: direkcia08 https://www.instagram.com/direkcia08/

Facebook: Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы https://www.facebook.com/direkcia08/

Telegram: Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы https://t.me/direkcia04

TikTok: direkcia04 https://www.tiktok.com/@direkcia04?_r=1&_t=ZS-933TGQzXR6V

 

Документы
Новости
Полезные материалы
«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Медиагалерея
1
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
1
Ақжар қалашығынан 200 жәдігер табылды
События
25 февраля
«Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КМҚК
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы