Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Театрлар

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық  академиялық қазақ драма театры

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ  драма театры  көне Тараз жерінде 1936 жылы «Әулиеата театры» болып құрылған. Өнер ордасы өз шымылдығын тұңғыш рет  1936 жылы 16 наурызда Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» атты комедиясымен ашқан.

1939 жылы 14 қазанда Жамбыл облысының құрылуымен бірге театр Жамбыл облыстық қазақ драма театры болып аталды.          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 70 қаулысымен театрға қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, қазақ театр өнері педагогикасының негізін қалаушы, актер, көрнекті ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімі берілді.

Театр көптеген республикалық, бүкілодақтық және халықаралық театр фестивальдарының лауреаты. Өнер ордасы әр жылдары  Польша, Мысыр Араб Республикасы, Россия, Өзбексан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан, Румыния және т.б  елдерде театр фестивальдарына қатысып, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық театр фестивальдарының лауреаты атанған.  

2017 жылы Румыния елінде өткен Халықаралық театр фестиваліне «Қыз Жібек» саунд-драмасымен қатысып, әлемнің 23 елінен келген өнер ұжымдары арасынан топ жарып,  «Ең үздік театр» және «Ең үздік қойылым» номинациялары бойынша бас жүлдені жеңіп алған.

Осы қойылыммен 2019 жылы Татарстанның Қахан қаласында өткен Халықаралық эксперименталды қойылымдар фестиваліне қатысып, «Ашық аспан астындағы үздік қойылым» номинациясы Дипломына ие болған.

2023 жылы Қырғызстанда жазушы Ш.Айтматовтың 95жылдық мерейтойына орай өткізілген II-ші «ТОО театрлары» фестиваліне «Жәмилә» спектаклімен қатысып, сонымен қатар Румыния мемлекетінің Тырговиште  қаласында  өткізілген «Babel FAST-2023» Халықаралық театр фестиваліне арнайы шақыру алып, Ғ.Мүсіреповтің  «Қозы Көрпеш Баян сұлу» (инсценировкасы Қ.Қасымов) экспериментальді спектаклімен қатысып, Түркістан облысының 5 жылдығына арналып тұңғыш рет Түркістан  қаласында ұйымдастырылып өткізілген Халықаралық көше  театры фестиваліне «Суретші» (инсценировкасы мен қоюшы режиссері - М.Ақүрпеков) қойылымымен қатысып, Қазақстанның халық артисі, профессор Р.Сейітметовтің 85 жылдығына орай Түркістан қаласында ұйымдастырылған  «RAIMBEK Fest» I Республикалық театр фестиваліне Ш.Айтматовтың «Жәмилә» драмасымен қатысып, арнайы Диплом және  Сертификаттармен марапатталды.

2024 жылы Астана  қаласында өткізілген ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы-драматург Р.Мұқанованың 60 жылдығына және драматургиясына арналған «TЕАТРALL» III-Халықаралық театр фестиваліне «Мәңгілік бала бейне» қойылымымен қатысып, «Сахналық жаңа форма табудағы ізденістер үшін» номинациясын иеленіп,  арнайы Дипломға және  Сертификатқа ие болды.

90 жылдық тарихында театрдан 3 - Қазақстанның Халық артисі, 25 - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 3 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 12 - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 9 - ҚР Мәдениет саласының үздігі, 10-нан аса Халықаралық және Республикалық театр фестивальдарының лауреаттары,  бірнеше  Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаттары шыққан.

Театрдың негізін қалаған алғашқы труппасында Шәріпбай Сәкиев, Сәти Үмбетбаев, Сатылған Атамқұлов, Мұхаметқали Табанов, Молдаш Сәкиев, Тұраш Әбуов сынды  дарынды өнер иелері қызмет еткен.

Сондай-ақ, әр жылдары бірталай белгілі режиссерлардың айшықты қолтаңбалары қалған.  Олардың қатарында қазақтың беткеұстар өнер дарабоздары Әзірбайжан Мәмбетов, Асқар Тоқпанов,  Тұңғышбай Жаманқұлов, Есмұхан Обаев, Маман Байсеркенов,  Жақып Омаров, Ерғали Оразымбетов, Тұрар Дүйсебаев, Оразхан Кенебаев, Қуандық Қасымов, Нұрқанат Жақыпбаев,  белгілі қырғыз режиссері Бообек Ибраев, талантты режиссерлар Әскер Құлданов, Шопан Кәрібаев, Тастан Өтебаев, Мұрат Бекхожин, Алтынбек Оңалбаев, Мұрат Ахманов, Болат Ұзақов, Рүстем Жаныаманов, Гүлсина Мирғалиева, Аридаш Оспанбаева, Мейрам Хабибуллин  және басқа да көптеген режиссерларды атауға болады.

Театрдың тұңғыш директорлары қызметін - Қасым Қырқымбаев, Тәжімет Әлмұхамедовтер болса, театр ұжымын  одан беріде 1940-1990 жылдары Сәдуақас Ирғалиев, Әбіл Төлебаев,Тұрар Дүйсебаев, Әлібек Әмзеұлы, Шопан Кәрібаев, Атахан Апсаматовтар  басқарды.

Театрдың қазіргі директоры – белгілі актер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақылдос Тәжиев.  Ал театрдың көркемдік жетекшісі – актриса, ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова.

 Театрдың  бүгінгі ағымдағы репертуарында 40 шақты қойылым болса, оның ішінде өз еліміздің және шетел классиктерінің жұртшылыққа кеңінен танымал У.Шекспирдің «Гамлет», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», А.Бекбосынұлының «Домалақ ене», Е.Әлімжанның «Абылай»,  И.Ғайыптың «Жамбылдың Қызыл жолбарысы», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!», Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хат», М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары», Б.Бекжановтың «Айша бибі», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» сияқты туындыларымен қатар, бүгінгі күн тақырыбындағы С.Құдайбергеннің «Періште қонған үй», Қ.Мұраттың «Мұғалім», С.Пірмановтың «Ұлт Ұстазы»,  Қ.Қасымовтың «Шер-Хан», Ш.Айтматовтың «Жәмилә», Ә.Оразбековтің «Соқыр үміт», Р.Отарбаевтың «Құсалық», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» трагедиясы, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедия-фарсы, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта»  атты спектакльдері мен тарихи тақырыптардағы көптеген шығармалар бар.  

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы №1032 қаулысымен Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына «Академиялық» мәртебе берілді.

 

Қабылдау бөлімі: 45-29-68

Театрдың мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 115  үй

Ресми сайты: tokpanov-teatry.kz

Әлеуметтік желі парақшалары:

Instagram: tokpanov_teatry

https://www.instagram.com/tokpanov_teatry?igsh=MXUxY3BpdWtqMW14dw%3D%3D&utm_source=qr

Facebook: TokpanovTeatry

https://www.facebook.com/share/1BtH8L5FsK/?mibextid=wwXIfr

Tiktok: tokpanov_teatry

https://www.tiktok.com/@tokpanov_teatry?_r=1&_t=ZS-93BwpQiT86R

Telegram: Tokpanov_teatry

t.me/AsqarToqpanovDramaTeatry

Youtube: Tokpanov_teatry

https://www.youtube.com/@askartokpanovdramteatr5717

Электрондық пошта: kaz_dram_teatr@mail.ru

 

Документы
Хаттама
27 ноября 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
2025 жылдың 26 қарашадағы конкурстық комиссия мәжілісі № 2 Х А Т Т А М А С Ы Н Ы Ң көшірмесі
Конкурстар
03 декабря 2024
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының 1 (бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды
Новости
Полезные материалы
Театрлар
Медиагалерея
1
Тәуелсіздікпен түлеген театр
1
Театр төріндегі 60 жыл
События
21 января
"Сөз бен саздың тоғысуы" поэтикалық ән кеші
29 января
«Вишневый сад» трагикомедиясы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Жамбыл облыстық орыс драма театры" КМҚК
"А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры" КМҚК
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы