
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы - Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1967 жылғы қараша айының 25 жұлдызындағы №777-ші қаулысының негізінде, Жамбыл облыстық кеңесі еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің 1968 жылдың 30 қаңтарындағы шешімімен Жамбыл қаласында құрылды. 1998 жылдың 25 желтоқсанында шыққан Қазақстан Үкіметінің №1335-ші қаулысының негізінде 1999 жылғы 15 қаңтардағы Жамбыл облыстық Әділет басқармасының №6577-ші бұйрығымен «Жамбыл облыстық филармониясы Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта тіркеуден өткізілді. 2018 жылғы 21 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімдігінің №179-шы Қаулысына сәйкес 50 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық филармониясына қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың есімі берілді.
Өнер ұжымында үздік қызметімен ерекшеленген, Республикалық байқауларда лауреат атанған, облыс мерейін биіктен көрсеткен мәдениет майталмандары мен ардагерлері - Гүлжахан Өсербаева, Тәкен Молдақынов, Кенжеғали Тәшкенов, Қуаныш Ержанов, Асқар Тұрғынбаев және «Огонек», «Тараз» ансамбльдері қызмет атқарған. Сонымен қатар Жамбыл облыстық филармониясынан түлеп ұшқан танымал әншілер Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Бейбіт Сейдуалиева, Мейрамбек Беспаев және Индира Расылхан еліміздің мақтаныштарына айналды.
2002 жылы халықаралық деңгейде ЮНЕСКО аясында атап өтілген Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында филармонияның меншігіндегі «Баласағұн» орталық концерт залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 951 орындық үлкен концерт залы ел игілігіне берілді.
Бүгінгі таңда кәсіби өнер ұжымындағы Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Тараз» триосы, «Жамбыл» триосы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» және «Айша Бибі» би ансамбльдері, «Тараз» циркі және жеке әртістер ауқымды бағдарламалар шеңберіндегі мәдени жобалар мен мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Гастрольдік сапарлармен Қазақстанның барлық облыстарында, Польша Республикасының Варшава қаласында, Түркия Республикасының Самсун қаласында, Әбу-Даби қаласында, Үндістан, Дели қалаларында, Өзбекстан мен Қырғызстан Республикасында, Сауд Арабия Корольдігінде, Германия, Франция, Италия Республикасынның Вьесте қаласында және Оңтүстік Корея мемлекетінің бірнеше қалаларында аса құнды ән-күйлерін паш етіп, еліміздің абыройын арттырып, көк байрағымызды биікте желбіретті.
Мекеменің директоры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы
Директор орынбасары - мәдениет саласының үздігі Омаров Жандос Әскербекұлы
Көркемдік жетекші – Смағұлова Аида Қанатқызы
«Алатау» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі – Дастан Көреген
Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, дирижері - Дулат Байзілдаев
«Тараз» циркінің жетекшісі – Айдын Альчикенов
Бас балетмейстер – Айжан Қонарбаева
Осы жылдар ішінде филармониядан 21 - Мәдениет саласының үздігі, 4 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және басқа да көптеген Мемлекеттік орден-медальдардың иегерлері шықты.
2026 жылғы дерек бойынша филармонияның штат бірлігі - 223 қызметкер. Оның ішінде сала бойынша қызметкерлер саны - 150. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 316 концерт өткізіліп, 79 571 көрермен қамтылды.
Байланыс нөмірі: 34-29-59
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 89 үй
Ресми сайты: www. zhofil.kz
Электронды почта: filarmoniya_kenen@mail.ru
Instagram: filarmoniya_kenen https://www.instagram.com/filarmoniya_kenen?igsh=MTJ1cDdubTUzMjVvdA%3D%3D&utm_source=qr
Facebook: https://www.facebook.com/share/1KQXjkuaQi/?mibextid=wwXIfr
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UC5feRxYwt-6TMNDNiiO2dIw