ҰБТ-НЫҢ БЕСІНШІ КҮНІ

ҰБТ-НЫҢ БЕСІНШІ КҮНІ

Бүгін, 25 маусым күні Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу аудандары және Тараз қаласындағы 51 мектептің 1041 түлегі ҰБТ тапсыруда.
✅Тестілеу өткізу пункттерінде тест тапсырушының өмір қауіпсіздігін сақтау үшін барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады.
Жалпы облыста ҰБТ 21-30 маусым аралығында өтеді. Биылғы жылы облыс бойынша 7181 түлек тест тапсырып, білім грантының иегері атануға ниетті.
Ескерту!!!
Құрметті ата-аналар! Сіздерден еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тест тапсыру орындарының айналасында шоғырланбауды сұраймыз.
ТЕСТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК!