⚡️Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді
🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді. Байқауға әлемнің 185 елінен командалар қатысты.
🤖Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға ие болып, инженерлік дайындық пен командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсетті.
🏆Қазақстан құрамасы бұған дейін төрт жыл қатарынан FIRST Global Challenge чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Биылғы нәтиже де отандық оқушылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
👨🎓Ұлттық құрама сапында Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейінің 9–11-сынып оқушылары Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының оқушысы Ерасыл Ендібай өнер көрсетті.
🤝Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Foundation қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған іріктеу нәтижесінде жасақталды. Бұл жұмысқа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері қатысып, Astana Motors құрамындағы OMODA & JAECOO брендтері қолдау көрсетті.
_______
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website