2026 жылдың 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша мектеп директорларының орынбасарларына, педагог-кәсіби бағдар берушілерге, педагог-психологтерге, сынып жетекшілеріне және кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты мамандарға арналған семинар өткізді.
Іс-шараға «Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру: жас ерекшелік моделі, жеке траектория және ата-аналармен өзара іс-қимыл», «Білім беру үдерісінде және әдістемелік жұмыста жасанды интеллектіні қолдану», «Дуальды оқыту жүйесін іске асырудағы кәсіптік бағдардың рөлі: мамандықты саналы таңдаудан кәсіптік даярлыққа дейін», «Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру: жас ерекшелік моделі, жеке траектория және ата-аналармен өзара іс-қимыл» тақырыптарында баяндамалар ұсынды.
Семинар барысында мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, білім алушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша сүйемелдеуді жоспарлау, заманауи құралдарды қолдану, ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау және білім алушылардың білім алу мен кәсіпті саналы таңдауын сүйемелдеу мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді