«ӘДІЛЕТ» партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «ІЗДЕНІС.ТӘЖІРИБЕ.НӘТИЖЕ» атты форум өткізілді.
Ісшараға аудандар мен Тараз қаласынан 300 білім қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның басты демеушілері – «ӘДІЛЕТ» партиясының Жамбыл облыстық филиалының әйелдер қанаты және Жамбыл облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы.
Форум облыстың жалпы орта білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтерді анықтау, шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалім мамандығына деген сенім мен құрмет деңгейін арттыру, педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен беделін көтеру, сондай-ақ олардың қоғам мен білім беруді дамытудағы басты рөлін таныту, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату бағытында ұйымдастырылды.
Форумда аудандар мен Тараз қаласынан, облыстық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарынан барлығы - 10 педагог қатысты.
Қатысушылар білім саласындағы іс-тәжірибесі мен өз басынан өткен бір оқиғаны қамтып, «Педагог» ретінде кейс-платформа дайындап, өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес анықталып, байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғысхатттармен марапатталды.